
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында екінші деңгейдегі 23 банк, оның ішінде 10 еншілес банк, сондай-ақ мемлекеттің 100% қатысуымен 1 банк бар.
Банк секторының активтері 2026 жылғы 1 шілдеде, ағымдағы жылғы маусым айында негізінен өтімді активтердің 3,2%-ға 27,6 трлн теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 74,2 трлн теңгені құрап, 1,7%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 4,9%-ға өсу).
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 21,9 трлн теңгені немесе активтердің 29,6%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Экономикаға екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер портфелі 2026 жылғы маусымда халыққа берілген кредиттердің өсуі есебінен 1,6%-ға ұлғайып, 41,9 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бері 4,3%-ға өсу).
Ұлттық валютадағы кредиттер 1,2%-ға 37,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал шетел валютасындағы кредиттер 5,5%-ға 4,3 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2026 жылғы 1 шілдеде 89,7%-ды құрап, 0,4 п.т. төмендеді.
2026 жылғы маусымда екінші деңгейдегі банктер барлығы 4,1 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, бұл өткен жылдың маусымдағы деңгейінен 18,7%-ға көп.
Бизнес субъектілеріне кредиттер портфелі 2026 жылғы маусымда ШОБ субъектілеріне қарыздардың 3,3%-ға 7,8 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 1,9%-ға 16,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 14,0%-ға өсу). Ірі бизнеске берілген қарыздар 2026 жылғы маусымда 0,4%-ға 5,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 8,9%-ға төмендеу). Өз кезегінде, 2026 жылғы маусымда ДК берілген қарыздар портфелі 1,1%-ға 3,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 6,3%-ға өсу).
2026 жылғы маусымда сауда мен көлікті қоспағанда, экономиканың барлық негізгі салаларында қарыздар портфелінің өсуі байқалады, оларда тиісінше 0,4% және 0,5% төмендеу тіркелді. Өнеркәсіпте кредиттер портфелі 2,6%-ға 5,4 трлн теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында – 2,2%-ға 512 млрд теңгеге дейін, құрылыста – 6,2%-ға 892 млрд теңгеге дейін, байланыс және ақпарат саласында – 39,8%-ға 297 млрд теңгеге дейін, жылжымайтын мүлік бойынша операцияларда – 0,4%-ға 884 млрд теңгеге дейін, басқа қызметтерде – 1,3%-ға 2,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2026 жылғы маусымда бизнес субъектілеріне 2,2 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл ШОБ субъектілеріне жаңа қарыздар беруді 61,7%-ға ұлғайту нәтижесінде 2025 жылғы маусыммен салыстырғанда 32,7%-ға артық.
Халыққа берілген кредиттер портфелі 2026 жылғы маусымда 1,4%- ға 25,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 4,3%-ға өсу), оның ішінде кепілсіз тұтынушылық қарыздың өсуі есебінен тұтынушылық қарыздар 1,4%-ға 17,3 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 3,9%-ға өсу), ипотекалық қарыздар – 1,8%-ға 7,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 7,2%-ға өсу).
2026 жылғы маусымда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі ДК-ге кредиттер бойынша мөлшерлеменің 29,9%-ға дейін 0,7 п.т. және ірі бизнеске кредиттер бойынша мөлшерлеменің 19,4%-ға дейін 0,6 п.т. төмендеуі есебінен 0,7 п.т. 21,6%-ға дейін азайды. Халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 21,0%-ға дейін 2,3 п.т. төмендеуі нәтижесінде 19,5%-ға дейін (2026 жылғы мамырда – 21,4%) азайды.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк секторындағы 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі (NPL90+) халыққа берілген кредиттер портфеліндегі мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейінің 4,8%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге дейін төмендеуі есебінен несие қоржынының 4,1%-ын немесе 1,8 трлн теңгені құрап,
0,1 п.т. азайды. Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфеліндегі NPL90+ қарыздарының деңгейі 3,8%-ды немесе 604,2 млрд теңгені құрады.
Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу жоғары деңгейде сақталуда және 60,7%-ды (01.06.2026ж. – 61,0%) құрайды.
Банк секторының міндеттемелері 2026 жылғы маусымда заңды тұлғалар салымдарының 4,8%-ға өсуі есебінен 1,8%-ға 63,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 4,7%-ға өсу). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымындағы негізгі үлеске 80,5%-ға немесе 50,7 трлн теңгеге клиенттердің салымдары ие.
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы маусымда ұлттық валютадағы депозиттердің ұлғаюы есебінен 4,6%-ға өсіп, 50,1 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бері 4,4%-ға өсу).
Заңды тұлғалардың депозиттері 6,7%-ға 22,1 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 3,0%-ға 28,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер өткен аймен салыстырғанда 5,0%-ға өсіп, 40,2 трлн теңгені құрайды. Шетел валютасындағы депозиттер бір айда 3,4%-ға өсіп, 9,9 трлн теңгеге жетті. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша долларлану деңгейі 19,7%-ға дейін төмендеді (2026 жылғы мамырда – 20,0%).
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылғы маусымда 2026 жылғы мамырдағы 16,8%-дан 16,2%-ға дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 14,7%-ды (2026 жылғы мамырда – 14,8%) құрады.
2026 жылғы маусымда банктердің меншікті капиталы жарғылық капиталды және кері сатып алынған акцияларды ұлғайту есебінен 1,1%-ға 11,2 трлн теңгеге дейін өсті (2026 жылдың басынан бері 5,6%-ға өсу). 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,7%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 20,5%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.
2026 жылдың басынан бері банктердің таза пайдасы 1 196 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 13,3%-ға аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 шілдеде 3,7%-ды
(2026 жылғы 1 маусымда – 3,8%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 24,1%-ды (2026 жылғы 1 маусымда – 25,2%) құрады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы,