
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру.
2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 4,7%-ға 4,4 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 13,4%-ға өсу) ұлғайды, ол негізінен бағалы қағаздар көлемінің ұлғаюы нәтижесінде болды.
2026 жылғы 1 шілдеде активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,6% (3,2 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 9,1% (404,1 млрд теңге), сақтандыру бойынша дебиторлық берешекке – 4,8% (210,8 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2026 жылғы маусымда негізінен сақтандыру резервтерінің 4,5%-ға өсуі нәтижесінде 6,6%-ға 3,3 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 18,7%-ға өсу) ұлғайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2026 жылғы маусымда есепті кезең бөлінбеген пайдасының төмендеуі есебінен 0,7%-ға 1,1 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 0,04%-ға төмендеу) азайды. 2026 жылғы маусымда сақтандыру нарығы бойынша 3,7 млрд теңгені құрайтын залал негізінен зейнетақы аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар резервінің ұлғаюынан болды (жылдың басынан бастап таза пайда – 81,9 млрд теңге).
2026 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 8,9 млн шартты құрады, бұл сақтандыру сыйлықақысының 10%-дан аспайтын деңгейінде банктік қарыздарға байланысты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттері үшін комиссиялық сыйақыны шектеуді енгізуге байланысты жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша жасалған шарттар санының 81,1%-ға азаюына байланысты болды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2026 жылғы маусымда 201,1 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы маусым айына қарағанда 60,2%-ға артық. Жыл басынан бері сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 858,3 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға артық.
Міндетті сақтандыру бойынша 2026 жылғы маусымда 26,1 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, 2026 жылдың басынан бастап – 148,0 млрд теңге, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға артық. Өсім негізінен қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сыйлықақыларының 13,7%-ға және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің 16,0%-ға ұлғаюына байланысты болды.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2026 жылғы маусымда 115,3 млрд теңгені құрады, 2026 жылдың басынан бастап – 430,3 млрд теңге, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға артық. Өсу зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар көлемінің 92,0%-ға ұлғаюына байланысты болды.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылғы маусымда 59,7 млрд теңгені, 2026 жылдың басынан бастап – 280,0 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға артық. Өсу су көлігін сақтандыру сыныбы бойынша жиналған сыйлықақылардың 84,3%-ға және автомобиль көлігін сақтандыру бойынша 4,0%-ға байланысты болды.
Сақтандыру төлемдері 2026 жылғы маусымда 55,4 млрд теңгені құрады, 2026 жылдың басынан бастап – 252,9 млрд теңге, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға артық.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы,