Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі туралы

Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (+8,7%) акциялар бағасының өсуі есебінен 2026 жылғы маусымда 0,3%-ға ұлғайып (2026 жылдың басынан бері 21,9%-ға өсу), 2026 жылғы 1 шілдеде 47,6 трлн теңгені құрады.

Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «KEGOC» АҚ және «Кселл» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен бір айда 16,5%-ға азайып, 2026 жылғы маусымда  24,8 млрд теңгені құрады.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 75 қазақстандық эмитенттің 88 атауының акциялары, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді.

KASE индексі 2026 жылғы 1 шілдеде 7 712,53 тармаққа дейін, 1,6%-ға азайды (2026 жылдың басынан бері 9,7%-ға ұлғаю).

«KASE Global» секторында 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 49 атаудағы акциялары және 68 шетелдік эмитенттің 3 ADR және 25 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі негізінен Micron Technology, Inc., ProShares Trust, Intel Corporation, Invesco Exchange-Traded Fund Trust, Meta Platforms, Inc., Microsoft Corporation, Saleforce.com Inc. акцияларымен сауда-саттық көлемінің ұлғаюы есебінен бір айда 33,6%-ға ұлғайып, 2026 жылғы маусымда 25,7 млрд теңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2026 жылғы маусымда 1,2% азайып, 16,8 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бері 3,3%-ға ұлғаю). 2026 жылғы маусымда KASE-дегі корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 61,6%-ға 347,7 млрд теңгеге дейін, негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің 68,3%-ға төмендеуі есебінен азайды, бұл квазимемлекеттік сектор эмитенттерінің активтерінің төмендеуіне байланысты. 2026 жылғы 1 шілдеде KASE сауда тізімінде 169 эмитенттің 765 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды.

KASE-де сатылатын мемлекеттік борыш 2026 жылғы маусымда 0,2%-ға 36,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 13,8%-ға ұлғаю). 2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша KASE-дегі мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 777,4 млрд теңгені құрап, 8,5%-ға азайды. МБҚ-ның бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 11,6%-ға, 0,6 трлн теңгеге дейін азайды. Оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі 468,8 млрд теңге тартып, өтеу кірістілігі 14,25-18,76% болатын облигациялардың 7 шығарылымын орналастырды, он бес облыс және Шымкент қаласының әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 109,9 млрд теңге тартты.

Ұжымдық инвестициялау нарығында 2026 жылғы 1 шілдеде
57 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 29 жабық, 2 ашық және 2 биржалық қор жұмыс істеді.

Инвестициялық пайлар нарығындағы басқарудағы активтер негізінен инвестициялық пай қорларының активтерін теріс қайта бағалау есебінен 2026 жылғы маусым айында 0,5%-ға азайып, 2026 жылғы 1 шілдеде 325,2 млрд теңгені құрады. 2026 жылғы 1 шілдеде 268,6 млрд теңге немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 82,6%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады.

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымын 2026 жылғы 1 шілдеде 44 брокер және дилер, 11 кастодиан-банк,
21 инвестициялық портфельді басқарушы, 5 трансфер-агент, сондай-ақ
3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клиринг орталығы және Бағалы қағаздар орталық депозитарийі ұсынды.

2026 жылғы маусымда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттар саны 1,3%-ға 5 615,0 мың шотқа ұлғайды, оның ішінде:

- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 0,1%-ға
698,7 мың қосалқы шотқа дейін;

-  брокерлер ашқан және біріктірілген омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын жеке шоттардың саны 1,5%-ға 4 916,3 мың шотқа ұлғайды
(2026 жылдың басынан бері 12,7%-ға ұлғаю).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2026 жылғы 1 шілдеде негізінен бағалы қағаздар портфелінің және «кері РЕПО» операцияларының төмендеуі есебінен 630,9 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға (2026 жылдың басынан бері 4,9%-ға ұлғаю) азайды.

Міндеттемелер негізінен жекелеген қатысушылардың акционерлермен  дивидендтер төлеу бойынша есеп айырысулары және «РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелерінің төмендеуі есебінен 164,3 млрд теңгеге дейін 4,0%-ға (2026 жылдың басынан бері 12,7%-ға ұлғаю) азайды. Меншікті капитал басым түрде есепті жыл үшін бөлінбеген пайданың азаюы нәтижесінде 466,6 млрд теңгеге дейін (жылдың басынан бері 2,7%-ға ұлғаю) аздап азайды.   

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы,

press@finreg.kz