Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2026 жылғы 1 шілдедегі жұмыс қорытындысы туралы

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2026 жылғы 1 шілдедегі жұмыс қорытындысы туралы

2026 жылғы маусымда Агенттік жеке және заңды тұлғалардың қаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты 16,4 мың жолданымын қарады, бұл 2026 жылдың өткен айымен салыстырғанда 24,2%-ға көп. Оның ішінде жолданымдардың ең көп үлесі банк секторына – 47,9%, микроқаржы ұйымдарына – 34,4%, коллекторлық агенттіктерге – 9,1% тиесілі. Қаралған жолданымдар мәселесінің сипаты бойынша жолданымдардың негізгі үлесі қарыздар бойынша берешекті реттеу мәселелеріне – 45%, заңнаманы түсіндіруге – 15% және түрлі мәселелер бойынша консультацияларға – 11% тиесілі.

2026 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген бұзушылықтары бойынша Агенттік қаржы нарығының субъектілеріне қадағалап ден қоюдың 20 ұсынымдық шарасы (ҚДҰШ), 6 жазбаша нұсқама және жалпы сомасы 9,6 млн теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 22 хаттама бойынша 24 әкімшілік айыппұл:

- банктерге қатысты – 1 жазбаша нұсқама, 7 ҚДҰШ және 3 әкімшілік айыппұл;

- микроқаржы ұйымдарына қатысты – 1 жазбаша нұсқама;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты – 13 ҚДҰШ және 20 әкімшілік айыппұл;

- коллекторлық ұйымдарға қатысты – 4 жазбаша нұсқама және
1 әкімшілік айыппұл қолданылды.

Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалуға және борыш жүктемесін азайтуға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.

2004-2020 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктер 214,0 млрд теңге сомасына 33,3 мың қарызды қайта қаржыландырды.

01.01.2016 жылға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айналдыруға/қайта қаржыландыруға бағытталған Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 114,4 млрд теңге сомасына 16,2 мың валюталық ипотекалық қарыздарды айналдыруды/қайта қаржыландыруды жүргізді.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктер 101,2 млрд теңге сомасына 10,6 мың халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыларға қосымша қаржылай қолдау шараларын көрсетті. Қолдау шаралары қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банктің балансында тұрған жалғыз баспанасын қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде көрсетілуде.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы,

press@finreg.kz