
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарға жеке деректер мен қаржылық ақпаратты қорғау үшін цифрлық қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін еске салады.
Ең көп таралған киберқауіптер қатарында фишингтік шабуылдар, залал келтіретін бағдарламалық қамтамасыз ету, құпиясөздерді іріктеу және әртүрлі алаяқтық схемалар болып қала береді. Ерекше қауіп төндіретіні – жасанды интеллект технологиялары. Қаскөйлер оларды шынайы көрінетін фишингтік хабарламаларды, сондай-ақ дипфейктерді – жалған дауыстық және бейнежазбаларды жасау үшін пайдаланады.
Киберқауіптерден қорғану үшін мынадай қарапайым қағидаларды сақтау ұсынылады:
Есептік жазбаларыңызды қорғаңыз:
Қоңыраулар мен хабарламаларға мұқият болыңыз:
Жеке деректеріңіздің жария болып кету қаупі туындаған жағдайда, құпиясөздеріңізді дереу өзгертіңіз, банк картаңызды немесе қашықтан банктік қызметтерге қолжетімділікті бұғаттаңыз, банкке хабарлаңыз және қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
Есте сақтаған жөн: мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының қызметкерлері телефон арқылы банк картасының деректемелерін, растау кодтарын, құпиясөздерді және өзге де құпия ақпаратты сұратпайды.
Осы қарапайым қағидаларды сақтау жеке деректеріңіз бен ақша қаражатыңызды жоғалту тәуекелін едәуір азайтуға көмектеседі.
Қосымша пайдалы материалдар Fingramota.kz.сайтында қолжетімді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы