
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау мақсатында «Стоп-кредит» қарыздарды алудан ерікті түрде бас тарту қызметі көзделгенін еске салады.
Әрбір азамат банктік қарыздар мен микрокредиттерді ресімдеуге өз бетінше тыйым сала алады. Бұл қызмет E-gov порталында және мобильді қосымшасында қолжетімді.
Қызметті компьютер арқылы қосу үшін egov.kz сайтындағы жеке кабинетке кіру қажет, «Сервистер» бөліміне өтіп, «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдап, электрондық нысанды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою керек. Қызмет көрсету нәтижесі туралы ақпарат «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.
Тыйым салуды E-gov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да ресімдеуге болады. Ол үшін Танымал қызметтер бөліміндегі басты бетте Қарыздар мен микрокредиттерден бас тартуды таңдау керек. Мұнда деректер толтырылады және әрекеттер ЭЦҚ қолымен расталады.
Қызметті іске қосқаннан кейін азаматтың кредиттік тарихында қарыз алуға тыйым салу туралы тиісті белгі пайда болады. Бұл ақпарат банктер мен микроқаржы ұйымдарына кредиттік бюроларға жүгінген кезде қолжетімді болады. Кредит алуға өтінім берілген жағдайда қаржы ұйымы оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Егер белгіленген тыйымға қарамастан, қарыз азаматтың келісімінсіз ресімделетін болса, мұндай қарыз есептен шығаруға жатады.
Қажет болған жағдайда, қызметтің қолданысын кез келген уақытта жоюға болады. Сонымен қатар, бұл тыйым қарыз алушыларды бағалау кезінде кредиттік бюролардың деректерін пайдаланбайтын ломбардтар мен өзге де ұйымдарға қолданылмайтынын ескеру қажет.
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Стоп-кредит» сервисін 6,3 млн рет пайдаланды.
Барынша пайдалы материал Fingramota.kz сайтында қолжетімді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы