
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банктің пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу, өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің банктің акцияларын олардың тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету үлесін азайту шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі.
Қаулы жобасы балансында мемлекеттік қолдау бойынша міндеттемелері бар банктердің дивидендтер төлеуі кезінде мемлекеттік қолдау қаражатын қайтару тетігін жетілдіруге бағытталған және дивидендтер төлеу кезінде мемлекеттік қолдауды жоспарланып отырған өтеу көлеміне қарай мемлекеттік қолдау қаражатын қайтарудың сараланған мерзімдерін белгілеу мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» порталында және Агенттік сайтынан танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы