
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарға әлеуметтік инженерия әдістеріне негізделген алаяқтық схемалардың таратылып жатқаны туралы ескертеді.
Көптеген адамдар қолма-қол ақшаны ұрлау үшін қаскүнемдерге банк жүйесін бұзу немесе өз құрбанының құрылғысына кіру қажет деп есептейді. Алайда, іс жүзінде қаскүнемдер жиі жағдайда адамды ақшаны, растау кодтарын дербес түрде аударуға немесе конфиденциалды ақпаратты ашуға көндіру арқылы психологиялық әдістерді қолданады.
Әлеуметтік инженерия – бұл адамдарды айла-шарғымен басқару арқылы олардың деректері мен қолма-қол ақшасына қол жеткізу тәсілі. Техникалық осалдылықтарды іздеудің орнына қаскүнемдер адамдардың сенімін, аңғалдығын, қорқынышын немесе пайда табу ниетін пайдаланады.
Мұндай схемалардың тиімділігі – алаяқтарға күнделі техникалық дағдыларды білудің талап етілмейтіндігінде, олардың құрбаны қажетті ақпаратты жиі жағдайда өздері хабарлайды.
Азаматтарға ықпал ету үшін алаяқтар көбінесе мыналарды пайдаланады:
Ең көп таралған схемаларға банктің қауіпсіздік қызметі атынан қоңырау шалу, жалған инвестициялық жобаларға қатысу туралы ұсыныстар, туыстарының атын жамылып, шұғыл ақша аудару туралы өтініш жасалған хабарламалар, сондай-ақ дауысты және бейнені қолдан жасау үшін жасанды интеллект пен дипфейк технологияларын пайдалану жатады.
Өзіңізді алаяқтардан қорғау үшін:
Есте сақтау маңызды:
Қазіргі уақытта алаяқтардың басты мақсаты – компьютерлік жүйелер емес, адамдар. Сондықтан сақтық, келіп түсетін ақпаратқа мұқият болу және цифрлық қауіпсіздік қағидаттарын сақтау қаржылық алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолдары болып қала береді.
Көптеген пайдалы материалдар Fingramota.kz сайтында қолжетімді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы