
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында екінші деңгейдегі 23 банк, оның ішінде 10 еншілес банк бар.
Банк секторының активтері 2026 жылғы 1 маусымға, ағымдағы жылғы мамыр айында негізінен өтімді активтердің 4,0%-ға 26,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 73,0 трлн теңгені құрап, 2,3%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 3,1%-ға өсті)
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 21,0 трлн теңгені немесе активтердің 28,8%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Экономикаға екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер портфелі 2026 жылғы мамырда бизнеске кредиттердің өсуі есебінен 1,5%-ға ұлғайып, 41,3 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бері 2,7%-ға өсті).
Ұлттық валютадағы кредиттер 0,7%-ға 37,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде ұлттық валютаны қайта бағалау нәтижесінде шетел валютасындағы кредиттер 10,1%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін өсті. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы нәтижесінде 2026 жылғы 1 маусымда 90,1%-ды құрап, 0,7 пайыздық тармаққа азайды.
2026 жылғы мамырда екінші деңгейдегі банктер барлығы 3,1 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңі деңгейінде сақталып отыр.
Бизнес субъектілеріне кредиттер портфелі шетел валютасындағы кредиттердің 12,9%-ға өсуіне байланысты (2026 жылдың басынан бастап 9,2%-ға төмендеу) 2026 жылғы мамырда негізінен ірі бизнес қарыздарының 6,6%-ға 5,0 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2,9%-ға 15,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 2,3%-ға төмендеді). 2026 жылғы мамырда ШОБ қарыздары 1,5%-ға 7,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 10,4%-ға өсті). Өз кезегінде ДК қарыздар портфелі 2026 жылғы мамырда 1,0%-ға 3,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 5,2%-ға өсті).
2026 жылғы мамырда көлік пен байланысты қоспағанда, экономиканың барлық негізгі салаларында қарыздар портфелінің өсуі байқалады, оларда тиісінше 1,9% және 0,2% төмендеу тіркелді. Өнеркәсіпте кредиттер портфелі 5,0%-ға 5,3 трлн теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында – 0,4%-ға 501 млрд теңгеге дейін, құрылыста – 1,3%-ға 840 млрд теңгеге дейін, саудада – 0,8%-ға 4,2 трлн теңгеге дейін, жылжымайтын мүлік бойынша операцияларда – 0,5%-ға 880 млрд теңгеге дейін, өзге де қызметтерде – 6,2%-ға 2,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2026 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне 1,7 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл ШОБ субъектілеріне жаңа қарыздар беруді 10,3%-ға ұлғайту нәтижесінде 2025 жылғы мамырмен салыстырғанда 33,5%-ға артық.
Халыққа берілетін кредиттер портфелі 2026 жылғы мамырда 0,7%- ға 25,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 2,8%-ға өсті), оның ішінде кепілсіз тұтынушылық қарыздың өсуі есебінен тұтынушылық қарыздар 0,5%-ға 17,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 2,5%-ға өсті), ипотекалық қарыздар - 1,5%-ға 7,3 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 5,3%-ға өсті).
2026 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі ірі бизнеске кредиттер бойынша мөлшерлеменің 19,5%-дан 20,0%-ға дейін өсуі есебінен 0,3 п.т. 22,3%-ға дейін ұлғайды. Халыққа берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 23,0%-дан 23,2%-ға ұлғаюы нәтижесінде 21,4%-ға дейін (2026 жылғы сәуірде – 21,2%) ұлғайды.
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторында төлем мерзімі 90 күннен астам берешегі (NPL90+) бар қарыздар деңгейі несие портфелінің 4,2%-ын немесе 1,9 трлн теңгені құрады. Халыққа берілген кредиттер портфеліндегі мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 4,9%-ды немесе 1,2 трлн теңгені құрады. Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфелінде NPL90+ қарыздарының деңгейі 3,3%-ды немесе 616 млрд теңгені құрады.
Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу жоғары деңгейде сақталуда және 61,0%-ды (01.05.2026ж. – 62,1%) құрайды.
Банк секторының міндеттемелері 2026 жылғы мамырда жеке тұлғалардың салымдарының 2,5%-ға өсуі есебінен 2,6%-ға 62,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 2,9%-ға өсу). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымындағы негізгі үлеске 79,0%-ға немесе 49,0 трлн теңгеге клиенттердің салымдары ие.
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы мамырда ұлттық валютадағы депозиттердің 2,2%-ға 38,3 трлн теңгеге ұлғаюы есебінен 47,9 трлн теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 0,2%-ға төмендеу). Заңды тұлғалардың депозиттері 0,8%-ға 20,7 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 2,2%-ға 27,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Шетел валютасындағы депозиттер қаражатты операциялық және балама инвестициялық қызметке пайдалану үшін заңды тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің 4,0%-ға төмендеуі есебінен бір айда 0,4%-ға 9,6 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 маусымда долларлану деңгейі 20,0%-ға дейін төмендейді (2026 жылғы сәуірде – 20,4%).
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылғы мамырда 16,8%-ды (2026 жылғы сәуірде – 16,8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 14,8%-ды (2026 жылғы сәуірде – 14,8%) құрады.
2026 жылғы мамырда банктердің меншікті капиталы 0,7%-ға 11,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 4,5%-ға өсу). 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,8%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 20,5%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.
2026 жылдың басынан бері банктердің таза пайдасы 1 036 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 9,4%-ға аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 маусымда 3,8%-ды (2026 жылғы 1 мамырда 3,9%), капиталдың рентабельділігі (ROE) 25,2%-ды (2026 жылғы 1 мамырда 26,1%) құрады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы