
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру.
2026 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 2,4%-ға 4,2 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 8,3%-ға өсу) ұлғайды, ол негізінен бағалы қағаздар көлемінің ұлғаюы нәтижесінде болды.
2026 жылғы 1 маусымда активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 73,9% (3,1 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 7,0% (296,9 млрд теңге), сақтандыру бойынша дебиторлық берешекке – 4,5% (190,4 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2026 жылғы мамырда негізінен жасалған шарттар бойынша сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2,9%-ға 3,1 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 11,4%-ға өсу) ұлғайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2026 жылғы мамырда 1,2%-ға 1,1 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 0,7%-ға өсу) ұлғайды. 2026 жылғы мамырда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 55,8 млрд теңгені құрады, жылдың басынан бастап таза пайда 85,5 млрд теңге болды.
2026 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 7,4 млн шартты құрады, бұл жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша жасалған шарттар санының 84,1%-ға азаюына байланысты өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 29,3%-ға аз.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2026 жылғы мамырда 129,0 млрд теңгені құрады, 2025 жылғы мамырға қарағанда 2,6%-ға аз. Жыл басынан бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 657,2 млрд теңгені құрады, бұл ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының 8,4%-ға азаюына байланысты 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,6%-ға аз.
Міндетті сақтандыру бойынша 2026 жылғы мамырда 22,6 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, 2026 жылдың басынан бастап - 121,8 млрд теңге, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 12,0%-ға артық. Өсу негізінен қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 10,7%-ға және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің 15,2%-ға ұлғаюына байланысты болды.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2026 жылғы мамырда 59,2 млрд теңгені құрады, 2026 жылдың басынан бастап – 315,1 млрд теңге, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ға аз. Төмендеу жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар көлемінің 88,5%-ға, өмірді сақтандыру бойынша 30,5%-ға төмендеуіне байланысты болды.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылғы мамырда 47,3 млрд теңгені, 2026 жылдың басынан бастап – 220,3 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 8,4%-ға аз. Төмендеу мүлікті залалдан сақтандыру сыныбы бойынша жиналған сыйлықақылардың 13,6%-ға азаюына байланысты.
Сақтандыру төлемдері 2026 жылғы мамырда 37,1 млрд теңгені құрады, 2026 жылдың басынан бастап – 197,5 млрд теңге, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 18,5%-ға артық.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы