Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі туралы

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 47,4 трлн теңгені құрады, ол 2026 жылғы мамырда негізінен KASE, «Kaspi.kz» АҚ (+10,5%) және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (+1,2%)  индексінің өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының өсуі есебінен 0,6%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап  21,6%-ға өсті).

 2026 жылғы мамырда акциялармен сауда-саттық көлемі 29,7 млрд теңгені құрады, бір айда негізінен «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ  «Эйр Астана» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен 3,2 есе азайды.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 75 қазақстандық эмитенттің 88 атауының акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалықағаздар» секторында айналысқа жіберілді.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша KASE индексі 0,1%-ға 7 838,16 тармаққа дейін азайды (2026 жылдың басынан бастап 11,5%-ға өсті).

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «KASE Global» секторында 47 атаудағы, 3 ADR және 63 шетелдік эмитенттің 22 ETF акциялары болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі 2026 жылғы мамырда 19,2 млрд теңгені құрап, бір айда негізінен Apple Inc., ProShares Trust, SPDR Gold Trust, Intel Corporation, Advanced Micro Devices, Inc., Microsoft Corporation, Conoco Phillips акцияларымен сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен 30,8%-ға азайды.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2026 жылғы мамырда 1,5%-ға ұлғайып, 17,0 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 4,6%-ға өсті). KASE-дегі корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің 35,5%-ға өсуі есебінен 2026 жылғы мамырда 23,6%-ға 906,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 166 эмитенттің 755 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2026 жылғы мамырда 2,5%-ға ұлғайып, 36,2 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 13,6%-ға өсті). 2026 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 12,0%-ға азайып, 849,3 млрд теңгені құрады. МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 2,0%-ға 0,6 трлн теңгеге дейін азайды. Оның ішінде өтеуге кірістілігі 15,01-18,91% болатын 9 облигациялар шығарылымын орналастырып, ҚР Қаржы министрлігі 581,9 млрд теңге тартты, он екі  облыстың және Шымкент қаласының әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 72,8 млрд теңге тартты. 

Ұжымдық инвестициялау нарығында 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 58 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 25 аралық, 29 жабық, 2 ашық және 2 биржалық пай қоры жұмыс істеді. 

Инвестициялық пай нарығындағы басқарудағы активтер негізінен инвестициялық пай қорларының активтерін оң қайта бағалаудың есебінен 2026 жылғы мамырда 5,6%-ға ұлғайып, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 326,8 млрд теңгені құрады. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 271,4 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 83,1%-ын құрады.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 44 брокер мен дилер, 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 5 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді. 

2026 жылғы мамырда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 2,0%-ға 5 543,7 мың шотқа дейін ұлғайды, оның ішінде:

- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 697,8  мың қосалқы шотқа дейін 0,2%-ға азайды (2026 жылдың басынан бері
0,1%-ға азайды);

- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 4 845,9 мың шотқа дейін 2,3%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 11,1 %-ға ұлғайды).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізінен бағалы қағаздар портфелінің өсуі және дебиторлық берешектің есебінен 2,6%-ға 637,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 6,3%-ға өсті).

Міндеттемелер негізінен жекелеген қатысушылардың алынған қарыздар бойынша міндеттемелерінің өсуі және акционерлермен дивидендтер төлеу бойынша есеп айырысудың есебінен 9,5%-ға 171,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 17,5%-ға өсті). Меншікті капитал негізінен есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың ұлғаюы нәтижесінде 0,3%-ға 466,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды (жылдың басынан бері 2,7%-ға өсті).

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz