Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшерін белгілеуге сараланған тәсілді енгізу туралы

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшерін белгілеуге сараланған тәсілді енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қарыздар және микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 84 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 51 бірлескен қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 101 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 79 бірлескен қаулысын қабылдады.

Бірлескен қаулымен ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖСТМ шекті мөлшерін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап LTV коэффициентіне (кредит сомасының кепіл құнына қатынасы) байланысты белгілеу көзделген:

  • LTV мәні қоса алғанда 0,7-ге дейін болған кезде – ЖСТМ шекті мөлшері 20%;
  • LTV мәні 0,7-ден жоғары болған кезде – ЖСТМ шекті мөлшері 25%.

2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖСТМ-нің қолданыстағы шекті мөлшері 25% деңгейінде сақталатын болады.

Басқа өнімдер бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшерлері өзгеріссіз сақталады.

Бірлескен қаулының мәтінімен Агенттіктің сайтынан танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz