
Микроқаржы ұйымының (МҚҰ) қызметі тоқтатылған жағдайда қарыз алушыларда олардың микрокредит бойынша міндеттемелерінің одан әрі тағдыры туралы сұрақтар жиі туындайды.
Азаматтық кодекске сәйкес, егер шартта өзгеше көзделмесе, қарыз алушы есептелген пайыздарды қоса алғанда, алынған қаражатты толық көлемде қайтаруға міндетті. Осылайша, МҚҰ лицензиясынан айыру берешектің күшін жоймайды. Микрокредит бойынша міндеттемелер қарыз алушыда микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген ұйым немесе жаңа кредитор алдында қалады.
2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда 7 ұйым өз еркімен лицензиядан бас тартты, оның ішінде 1 МҚҰ микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмағаны үшін мәжбүрлеп жабылды.
Бұл ретте, МҚҰ қызметі тоқтатылғаннан кейін де портфель ұйымда 24 ай бойы қалады. Осы мерзім өткеннен кейін талап ету құқықтары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қадағалауындағы субъектілерге ғана берілуі мүмкін.
МҚҰ мәртебесін қалай тексеруге болады?
Қарызды ресімдеу алдында компанияның қызметті заңды негізде жүзеге асыратынына көз жеткізу керек. Лицензияланған микроқаржы ұйымдары туралы өзекті ақпаратты Агенттіктің сайтынан алуға болады.
Сонымен қатар, микрокредитті ресімдемес бұрын шарттарды мұқият бағалау маңызды: пайыздық мөлшерлеме, мерзімі және мерзімі өткен жағдайда өсімпұл.
Қаржыға жауапкершілікпен қарау борыш жүктемесі мен қаржылық тәуекелдерді болдырмауға көмектесетінін есте сақтаңыз.
Барынша пайдалы материал Fingramota.kz. сайтында қолжетімді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы