
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы кейбір нормативтік құқықтық актілердегі терминологияны 2026 жылғы 15 наурыздағы ҚР Конституциясына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасының мақсаты қаржы нарығын реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде пайдаланылатын терминологияны Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру болып табылады.
Аталған өзгерістер құқық қолдану практикасының біркелкілігін қамтамасыз ете отырып, қолданыстағы заңға тәуелді актілер мен Конституция нормалары арасындағы терминологиялық алшақтықтарды жояды.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.