Банктердің жүзеге асыратын операцияларын және бағалы қағаздар нарығындағы қызметі туралы қаулысының жобасы

Банктердің жүзеге асыратын операцияларын және бағалы қағаздар нарығындағы қызметі туралы қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының ««Банк ашуға рұқсат беру қағидалары мен оған рұқсат беруден бас тарту негіздерін, Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің жүзеге асыратын өзге де операцияларын және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасы туралы

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банк ашуға рұқсат беру қағидалары мен оған рұқсат беруден бас тарту негіздерін, Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің жүзеге асыратын өзге де операцияларын және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегенін хабарлайды.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасың (бұдан әрі – Заң жоба) іске асыру үшін әзірленді.

Заң жобасында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат алу  және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банктік операцияларды, сондай-ақ өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау тәртібі  қарастырылған.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің: https://legalacts.egov.kz интернет-порталында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.