Бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату қаулысының жобасы

Бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату қаулысының жобасы

«Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару қағидаларын бекіту туралы» Басқарма қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) іске асыру үшін әзірленген.

Заң жобасында қаржы нарығында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімі көзделеді.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4643387 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.