
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың Әзірбайжан Республикасы Орталық банкі Төрағасының орынбасары Тогрул Наджафали оглу Алиев бастаған делегациямен кездесуі өтті.
Тараптар тәуекелге бағдарланған қадағалауды жетілдіру, қадағалау қызметіне заманауи талдамалық құралдар мен цифрлық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады, сондай-ақ қаржы ұйымдарының орнықтылығын бағалау бөлігінде пікір алмасты.
Бұдан басқа, тараптар пайыздық мөлшерлемелерді реттеу және борыш жүктемесі коэффициентін есептеу бөлігінде тұтынушылық кредиттеуді реттеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Сапар аясында Әзірбайжан Орталық банкінің өкілдері үшін Агенттіктің тәуекелге бағдарланған қадағалауды жүзеге асыру тәсілдеріне арналған сараптамалық сессиялар сериясы жоспарланған. Қатысушыларға бағалау мен тексерудің қадағалау процесін (SREP) қолдану, оны комплаенс-қадағалаумен және кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) жөніндегі бағыттармен ықпалдастыру практикасы көрсетілетін болады.
Банктердің ішкі капиталы мен өтімділігінің жеткіліктілігін бағалау, тәуекелге бағдарланған қадағалау, модельдік тәуекелді басқару үшін SupTech және ЖИ технологияларын қолдану мәселелеріне бөлек назар аударылатын болады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және қаржы секторын реттеу мен қадағалаудың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылықтарын білдірді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы