Қазақстан банк секторының 2026 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

Қазақстан банк секторының 2026 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында екінші деңгейдегі 23 банк бар, оның ішінде 14 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 10 еншілес банк.

Банк секторының активтері 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында негізінен несие портфелінің 0,9%-ға 43,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 1,1%-ға өсіп (2026 жылдың басынан бастап 0,8%-ға өсу), 71,3 трлн теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 20,4 трлн теңгені немесе активтердің 28,5%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Экономикаға екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер портфелі  2026 жылғы сәуірде халыққа кредиттердің өсуі есебінен 0,8%-ға ұлғайып (2026 жылдың басынан бері 1,1%-ға өсу), 40,6 трлн теңгені құрады.

Ұлттық валютадағы кредиттер 0,7%-ға 36,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 1,5%-ға 3,7 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 мамырда теңгемен кредиттердің үлес салмағы 90,8%-ды құрап, 0,1 п.т. төмендеді.

2026 жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктер барлығы 3,4 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, бұл 2025 жылғы сәуірмен салыстырғанда 0,6%-ға артық.

Бизнес субъектілеріне кредиттер портфелі 2026 жылғы сәуірде негізінен ЖК қарыздарының 1,7%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен (2026 жылдың басынан бері 4,1%-ға өсу) 0,5%-ға 15,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 0,6%-ға төмендеу). 2026 жылғы сәуірде ШОБ қарыздары 0,2%-ға 7,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 8,8%-ға өсу). Өз кезегінде ірі бизнеске қарыздар портфелі 2026 жылғы сәуірде 0,1%-ға 4,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 14,8%-ға төмендеу).

Салалар бойынша 2026 жылғы сәуірде түрлі бағыттағы серпін байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 0,7%-ға 5 021 млрд теңгеге дейін, көлік саласында – 0,3%-ға 1 054 млрд теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында – 4,7%-ға 499 млрд теңгеге, құрылыста – 2,2%-ға 829 млрд теңгеге, ақпарат пен байланыста – 2,6%-ға 213 млрд теңгеге дейін. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі кредиттер 3,8%-ға 3 128 млрд теңгеге дейін, саудада – 0,2%-ға 4 124 млрд теңгеге дейін, өзге де қызметтерде – 0,8%-ға дейін 2 735 млрд теңгеге дейін төмендеді.

2026 жылғы сәуірде бизнес субъектілеріне 1,9 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл ШОБ субъектілеріне жаңа қарыздар беруді 39,5%-ға ұлғайту нәтижесінде 2025 жылғы сәуірмен салыстырғанда 6,4%-ға артық.

Халыққа берілген кредиттер портфелі 2026 жылғы сәуірде 0,9%- ға 25,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 2,1%-ға өсу), оның ішінде тұтынушылық қарыздар 0,8%-ға 17,0 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 2,0%-ға өсу), ипотекалық қарыздар 1,9%-ға 7,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 3,7%-ға өсу).

2026 жылғы сәуірде бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі ірі бизнеске кредиттер бойынша мөлшерлеменің 20,1%-дан 19,5%-ға дейін төмендеуі есебінен бір айда 0,4 п.т. 22,0%-ға дейін төмендеді. Халыққа берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 22,1%-дан 23,0%-ға өсуі нәтижесінде 21,2%-ға дейін (2026 жылғы наурызда – 20,9%) ұлғайды.

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторы бойынша төлем мерзімі 90 күннен астам берешегі (NPL90+) бар қарыздар деңгейі несие портфелінің 4,1%-ын немесе 1,8 трлн теңгені құрады. Халыққа берілген кредиттер портфеліндегі мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 4,8%-ды немесе 1,2 трлн теңгені құрады. Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфелінде NPL90+ қарыздарының деңгейі 3,3%-ды немесе 594 млрд теңгені құрады.

Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу жоғары деңгейде сақталуда және 62,1%-ды (01.04.2026ж. – 61,9%) құрайды.

Банк секторының міндеттемелері 2026 жылғы сәуірде жеке тұлғалардың салымдарының 1,4%-ға өсуі есебінен 1,7%-ға 60,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 0,3%-ға өсу). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымындағы негізгі үлесті – 79,8% немесе 48,2 трлн теңге сомасындағы клиенттердің салымдары алады.

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы сәуірде шетел валютасындағы депозиттердің ұлғаюы есебінен 47,1 трлн теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 1,8%-ға төмендеу).

Заңды тұлғалардың депозиттері 0,7%-ға 20,5 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 1,4%-ға 26,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер алдыңғы аймен салыстырғанда 0,5%-ға 37,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер бір айда 3,3%-ға 9,6 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 мамырда долларлану деңгейі 20,4%-ға дейін ұлғайды (2026 жылғы наурызда – 19,9%).

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылғы сәуірде 16,8%-ды (2026 жылғы наурызда – 16,7%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 14,8%-ды (2026 жылғы ақпанда – 15,0%) құрады.

2026 жылғы сәуірде банктердің меншікті капиталы 1,9%-ға 11,0 трлн теңгеге дейін азайды (2026 жылдың басынан бастап 3,8%-ға өсу). 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,1%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 20,9%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.

2026 жылдың басынан бері банктердің таза пайдасы 796 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 12,0%-ға аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 мамырда 3,9%-ды (2026 жылғы 1 сәуірде – 3,9%), капиталдың рентабельділігі (ROE) 26,1%-ды (2026 жылғы 1 сәуірде – 26,4%) құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz