Қазақстан сақтандыру секторының 2026 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2026 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру. 

2026 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 2,6%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін негізінен сақтандыру бойынша бағалы қағаздар көлемінің ұлғаюы нәтижесінде (2026 жылдың басынан бастап 5,8%-ға өсу) көбейді.

2026 жылғы 1 мамырда активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 73,7% (3,0 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 7,0% (290,2 млрд теңге), сақтандыру бойынша дебиторлық берешекке – 4,6% (189,7 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2026 жылғы сәуірде негізінен жасалған шарттар бойынша сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 4,5%-ға 3,0 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 8,3%-ға өсу) ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2026 жылғы сәуірде 2,3%-ға 1,1 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 0,6%-ға төмендеу) азайды. 2026 жылғы сәуірде сақтандыру нарығы бойынша 2,1 млрд теңгені құрайтын залал тіркелді, таза пайда жылдың басынан бастап 29,7 млрд теңгені құрады.

2026 жылғы сәуірде жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1,6 млн шартты құрады, бұл жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша жасалған шарттар санының азаюына байланысты өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда 25,6%-ға аз.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2026 жылғы сәуірде 155,9 млрд теңгені құрады, бұл сақтандырудың ерікті түрлері бойынша жиналған сыйлықақылардың ұлғаюына байланысты 2025 жылғы сәуір айына қарағанда 2,2%-ға көп (2026 жылдың басынан бастап 2,8%-ға төмендеу).

Міндетті сақтандыру бойынша 2026 жылғы сәуірде 26,9 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, 2026 жылдың басынан бастап – 99,3 млрд теңге, бұл 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ға артық. Өсу негізінен қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 14,2%-ға ұлғаюына байланысты болды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2026 жылғы сәуірде 77,7  млрд теңгені құрады, 2026 жылдың басынан бастап – 255,9 млрд теңге, бұл 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға аз. Төмендеу жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар көлемінің 89,0%-ға, өмірді сақтандыру бойынша 24,4%-ға төмендеуіне байланысты болды.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылғы сәуірде 51,2 млрд теңгені, 2026 жылдың басынан бастап - 173,0 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға аз. Төмендеу мүлікті залалдан сақтандыру сыныбы бойынша жиналған сыйлықақылардың 13,7%-ға төмендеуіне байланысты.

Сақтандыру төлемдері 2026 жылғы сәуірде 41,5 млрд теңгені құрады, 2026 жылдың басынан бастап – 160,4 млрд теңге, бұл ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің өсуі есебінен 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға артық.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz