Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 47,1 трлн теңгені құрады, ол 2026 жылғы сәуірде негізінен KASE, «Kaspi.kz» АҚ (+13,0%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+6,4%)  индексінің өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының өсуі есебінен 1,7%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап  20,8%-ға өсу).

2026 жылғы сәуірде акциялармен сауда-саттық көлемі 94,1 млрд теңгені құрады, бір айда негізінен «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «ҚазТрансОйл» АҚ  акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 3,3 есе ұлғайды.

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі –KASE) сауда тізімдерінде 76 қазақстандық эмитенттің 89 атауының акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді.

2026 жылғы сәуірде KASE индексі 1,4%-ға   7 842,91 тармаққа дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 11,5%-ға өсу).

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «KASE Global» секторында 47 атаудағы, 3 ADR және 63 шетелдік эмитенттің 22 ETF акциялары болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі 2026 жылғы сәуірде 27,8 млрд теңгені құрап, бір айда негізінен Advanced Micro Devices, Inc., NVIDIA Corp., Meta Platforms, Inc., Intel Corporation, SPDR Gold Trust, Microsoft Corporation, Tesla, Inc. акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 44,8%-ға ұлғайды.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2026 жылғы сәуірде 0,1%-ға ұлғайып, 16,7 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 3,0%-ға өсу). KASE-дегі корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2026 жылғы наурызбен салыстырғанда негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің  өсуі есебінен 2026 жылғы сәуірде 2,1 есе  733,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды.  Корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 2026 жылғы сәуірде 580,4 млрд теңгені құрады, бұл негізінен квазимемлекеттік сектор компаниялардың  орналастыруларының өсуі есебінен 2026 жылғы наурыздағы көрсеткіштен 94,1%-ға артық. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 164 эмитенттің 741 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2026 жылғы сәуірде 0,5%-ға ұлғайып, 35,3 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 10,8%-ға өсу). 2026 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 5,5%-ға ұлғайып, 1,0 трлн теңгені құрады. МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 11,0%-ға 0,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде өтеуге кірістілігі 15,00-19,15% болатын 8 облигациялар шығарылымын орналастырып, ҚР Қаржы министрлігі 616,1 млрд теңге тартты, алты облыстың және Астана қаласының әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 51,7 млрд теңге тартты.

Ұжымдық инвестициялау нарығында 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 58 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 25 аралық, 30 жабық, 1 ашық және 2 биржалық пай қоры жұмыс істеді.

Инвестициялық пай нарығындағы басқарудағы активтер негізінен жеке инвестициялық қордың пайларын сатып алу және инвестициялық пай қорларының активтерін теріс бағалаудың есебінен 2026 жылғы сәуірде 4,5%-ға азайып, 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 309,6 млрд теңгені құрады. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 256,1 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 82,7%-ын құрады.

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 44 брокер мен дилер,  11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 5 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2026 жылғы сәуірде Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 1,6%-ға 5 436,2 мың шотқа дейін ұлғайды, оның ішінде:

- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 699,2 мың қосалқы шотқа дейін 0,02%-ға азайды (2026 жылдың басынан бері
0,1%-ға өсу);

- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 4 737,0 мың шотқа дейін 1,9%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 8,6%-ға өсу).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша негізінен бағалы қағаздар портфелінің және «кері РЕПО» операцияларының өсуі есебінен 1,7%-ға 621,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 3,3 %-ға өсу).

Міндеттемелер негізінен жекелеген қатысушылардың «РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелерінің өсуі және акционерлермен дивидендтер төлеу бойынша есеп айырысудың есебінен 9,5%-ға 156,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 7,3%-ға өсті). Меншікті капитал негізінен есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың азаюы нәтижесінде 0,7%-ға 465,2 млрд теңгеге дейін азайды (жылдың басынан бері 2,4%-ға өсу).

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz