
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) активтері 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша кредиттік серіктестіктердің дебиторлық берешек көлемінің төмендеуі салдарынан 2026 жылғы 1-тоқсанда 0,4% азайып (2025 жылы 17,3%-ға өсу), 3,5 трлн теңгені құрады.
МҚҚЖҰ активтерінің құрылымында ең көп үлес микроқаржы ұйымдарына – 1,7 трлн теңге немесе 48,2%, кредиттік серіктестіктерге – 1,2 трлн теңге немесе 33,3%, ломбардтарға – 0,7 трлн теңге немесе 18,6% тиесілі.
МҚҚЖҰ несие портфелі 2026 жылғы 1-тоқсанда 1,4%-ға 3,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылы 12,3%-ға өсу). МҚҚЖҰ микрокредиттерінің құрылымында бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттердің үлесі – 54,9%-ды, халыққа берілген микрокредиттердің үлесі – 45,1%-ды құрады.
Бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттер портфелі 2026 жылғы 1-тоқсанда кредиттік серіктестіктер берген маусымдық қарыздарды өтеуге байланысты 1,6%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін азайды (2025 жылы 7,4%-ға өсу).
Халыққа берілген қарыздардың портфелі негізінен ломбардтар берген тұтынушылық микрокредиттердің 15,3%-ға ұлғаюы есебінен 2026 жылғы 1-тоқсанда 5,4%-ға ұлғайып, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,4 трлн теңгені құрады (2025 жылы 19,5%-ға өсу).
МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) деңгейі 2026 жылғы 1 сәуірде 4,0%-ды құрады (01.01.2026ж. – 3,9%). Жеке тұлғалардың портфелінде осы көрсеткіш 4,9%-ды құрады (01.01.2026ж. – 5,0%).
2026 жылғы 1-тоқсанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері кредиттік серіктестіктердің оларды өтеуі салдарынан тартылған қарыздардың төмендеуі есебінен 0,6%-ға 2,3 трлн теңгеге дейін азайды (2025 жылы 14,8%-ға өсті). Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 60,8%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрайды.
МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы негізінен МҚҚЖҰ-ның қосымша төленген капиталдың (сыйлықақылардың) өсуі есебінен 2026 жылғы 1-тоқсанда 0,1%-ға ұлғайып, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,3 трлн теңгені құрады (2025 жылы 21,9% өсу).
Сыртқы коммуникациялар басқармасы