Агенттік пен ХВҚ Қазақстанның қаржы секторын дамыту басымдықтарын талқылады

Агенттік пен ХВҚ Қазақстанның қаржы секторын дамыту басымдықтарын талқылады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің Қазақстан Республикасындағы ХВҚ миссиясы шеңберінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) делегациясымен екіжақты кездесулері өтті. ХВҚ делегациясын ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы, ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті Орталық Азия елдері басқармасының бастығы Амина Лареш басқарды.

Тараптар Қазақстанның қаржы секторын дамытудың ағымдағы үрдістерін қарады, кредиттік циклдің жай-күйін, макропруденциялық құралдардың тиімділігін, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық үшін ықтимал сын-қатерлерді талқылады.

Қаржы секторын бағалау бағдарламасының (FSAP) ұсынымдарын іске асыруға ерекше назар аударылды. Қатысушылар сондай-ақ «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңның негізгі ережелерін, соның ішінде төлемге қабілетсіз банктерді реттеу тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылады.

ХВҚ мен Дүниежүзілік банк тобының 2025 жылғы қазандағы Жыл сайынғы кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жалғастыра отырып, тараптар проблемалық банктерді реттеу жүйесін жетілдіру және қаржылық қорғау желісін (financial safety net) дамыту мәселелерін қарады.

Сонымен бірге Агенттік бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды қадағалаудың қолданыстағы жүйесіне диагностика жүргізуге, тәуекелге бағдарланған қадағалап бағалау әдіснамасын әзірлеуге, қадағалау есептілігі мен мониторинг жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ нарықтық іс-қимыл тәуекелдерін бағалауға, инвесторларды қорғауға және нарықтағы теріс пайдалануларға қарсы іс-қимылға заманауи тәсілдерді енгізуге мүдделі.

Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және қаржы жүйесінің орнықтылығын нығайтуға және реттеу мен қадағалаудың үздік халықаралық практикаларын енгізуге бағытталған сындарлы диалогты жалғастыруға мүдделілігін растады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz