Жастар алаяқтарға қарсы: Шымкентте қаржылық қауіпсіздік және дропперлік мәселелері талқыланды

Жастар алаяқтарға қарсы: Шымкентте қаржылық қауіпсіздік және дропперлік мәселелері талқыланды

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Fingramota.kz жобасының аясында «Қаржылық қауіпсіздік: жастардың таңдауы» форумы өтті. Іс-шара студенттердің, оқытушылардың, қаржы нарығы сарапшыларының, киберполиция мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің басын біріктірді.

Қатысушылар жеке қаржыны сауатты басқару, кредиттер мен микроқарыздарға жауапкершілікпен қарау, орнықты қаржылық әдеттерді қалыптастыру, сондай-ақ жастарды дропперлікке байланысты алаяқтық схемаларға тарту қаупінің мәселелерін талқылады.

Форумды М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ректорының міндетін атқарушы Ғани Бесбаев ашты. Өз сөзінде ол цифрлық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік қазіргі заманғы адамның маңызды дағдыларына айналып отырғанын атап өтті.

Агенттіктің Fingramota.kz жобасының өкілі Ғаділбек Әкім бүгінгі таңда қаржылық сауаттылық жеке бюджетті басқару мен банк өнімдерін пайдалану шегінен әлдеқайда ауқымды мәселе екенін атап өтті. Оның айтуынша, интернет-алаяқтықтың өсуі жағдайында қаржылық сауаттылық әрбір азаматтың жеке қауіпсіздігінің маңызды элементіне айналуда.

«Мирас» университетінің ректоры Нұркен Халықберген студенттерге дұрыс қаржылық әдеттер мен жинақтау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын айтып берді. Ол қаржылық жоспарлау және жеке қаражатты ұтымды басқару жөніндегі практикалық кеңестерімен бөлісті.

«Онлайн Қазқаржы» МҚҰ сату жөніндегі өңірлік басшысы Еркебұлан Сауранбаев кредит беруге жауапкершілікпен қарау қажеттігін айтып берді. Ол қарызды ресімдемес бұрын өзіңнің қаржылық мүмкіндіктерің мен ықтимал тәуекелдерді объективті бағалаудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасының микроқаржы омбудсманы Назгүл Естеусізова қатысушыларды микроқарыздарға және микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешекке байланысты жиі кездесетін проблемалармен таныстырды. Ол уақтылы кеңес алу және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру қарыздың қиындықтарынан аулақ болуға және әбден сараланған қаржылық шешімдер қабылдауға көмектесетінін атап өтті.

Шымкент қаласы Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Шыңғыс Жайлаубектің сөйлеген сөзі студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Ол интернеттегі алаяқтықтың заманауи схемалары туралы айтып, дропперлік мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды. Спикер жастарды «жеңіл табыс табу» деген сылтаумен құқыққа қайшы қаржылық операцияларға тарту тетіктерін түсіндіріп, осындай қатысудың ықтимал құқықтық салдарын айтып берді.

Форумды «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының өкілдері аяқтады. Олар қатысушыларға бастама шеңберінде азаматтарға қолжетімді қолдау шаралары, сондай-ақ борыш жүктемесі, қаржылық жоспарлау және қаржылық орнықтылықты арттыру мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Жауапты қаржылық іс-қимылды қалыптастыруға ықпал ететін білім беру бағдарламалары мен практикалық құралдарға ерекше назар аударылды.

Форумның қорытындысы бойынша Fingramota.kz жобасының өкілдері  «Ата, әже, кодты ешкімге айтпаңыз!» бейнероликтері байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелеріне арналған үздік жұмыстар Fingramota.kz жобасының Instagram-дағы ресми парақшасында орналастырылған.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz