Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарының бұйрықтарына сәйкес:
2026 жылғы 26 мамырдағы № Б-95 бұйрықпен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 26 мамырдағы № 5.2.24 лицензиясы;
2026 жылғы 26 мамырдағы № Б-96 бұйрықпен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 26 мамырдағы № 16 лицензиясы;
2026 жылғы 26 мамырдағы № Б-97 бұйрықпен «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ-ның жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 26 мамырдағы № 4.3.21 лицензиясы;
2026 жылғы 26 мамырдағы № Б-98 бұйрықпен «Экспресс Финанс» ипотекалық ұйымы» АҚ-ның жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 26 мамырдағы № 5.1.6 лицензиясы
жекелеген банк операциялары атауларының өзгеруіне байланысты қайта ресімделді.