Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ескертеді: қаржы пирамидаларына қатысу әрқашан дерлік салынған қаражаттың жоғалуына әкеледі. Мұндай схемалардың сыртқы тартымдылығына қарамастан, олардың нақты экономикалық негізі жоқ және олар Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзады.
Қаржы пирамидалары азаматтарды тарту үшін цифрлық технологияларды, әлеуметтік желілерді, психологиялық айла-шарғыларды және кәсіби риториканы қолдана отырып, үнемі дамып отырады. Алайда олардың базалық қағидаты өзгеріссіз қалады – ескі қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың ақшасы есебінен жүргізіледі.
Қаржы пирамидасының негізгі белгілері
Азаматтар мынадай сипаттамалық белгілер болған кезде сақ болулары керек:
Егер ұсынылған табыс нарықтық көрсеткіштерден едәуір асып кетсе және «кепілдік берілген» деп ұсынылса, бұл әрқашан дерлік алаяқтық схеманы көрсетеді. Нақты инвестициялар тәуекелсіз тұрақты және әдеттен тыс жоғары пайда әкелмейді.
Төлемдердің негізгі көзі – жаңа салымшылардың ақшасы. Қаражаттың тұрақты ағыны болмаса, схема тез бұзылады. Көбінесе қатысушыларға таныстарын тарту үшін қосымша бонустар беріледі.
Ұйымдастырушылар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензиясының бар екенін растай алмайды. Шарттарда салымдардың сақталуына нақты жауапкершілік жоқ, ал қаржылық есептілік мүлдем ашылмайды.
Мессенджерлер, әлеуметтік желілер және жабық чаттар, қолма-қол ақшамен немесе электрондық әмияндар арқылы мәжбүрлі түрде төлеуге шақыру, ресми банк арналарын айналып өту.
Ұйымның атауында «инновациялық қор», «инвестициялық клуб», «қаржы орталығы», «борыштық бағдарлама», «онлайн-бизнес», «кепілдік берілген кіріспен стартап» сияқты жаңылыстыратын атаулар қолданылады.
Кіру шегінің аздығы жалған қауіпсіздік сезімін тудырып, біртіндеп үлкен инвестицияларға итермелейді.
Пирамидалар басқа қызмет түрлері ретінде қалай бүркемеленеді
Жалған букмекерлер. Алаяқтар лицензиясы болмай, «кепілдік берілген ұтыстарға» уәде береді. Мессенджерлерде жиі жалған чектер жібереді, ал заңды істейтін букмекерлер ресми электрондық немесе кассалық чектер береді.
Жалған инвестициялар. Азаматтарға «болашағы бар онлайн-жобаларға» немесе криптостартаптарға инвестиция салуды ұсынады, содан кейін мол табысқа уәде береді. Іс жүзінде ақша жиналады, одан кейін ұйымдастырушылар ізін суытады. Мұндай схемалар әрдайым жаңа қатысушыларды тартуды қажет етпейді.
Қаржы пирамидасының желілік маркетингтен айырмашылығы неде
Желілік маркетингте кіріс тауарларды немесе қызметтерді нақты сату есебінен қалыптасады. Қаржы пирамидасында жаңа қатысушылардың ақшасы жалғыз кіріс көзі болып қала береді, бұл – басты айырмашылық.
Егер алаяқтыққа күдіктенсеңіз, не істеу керек:
Өзіңізді қаржылық алаяқтықтан қалай қорғауға болады:
Маңызды: Қаржы пирамидаларын құру және тарату қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы, сондай-ақ белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу көзделген.
Қосымша пайдалы материалдар Fingramota.kz сайтында қолжетімді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы