Клиенттердің микроқаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылы туралы

Клиенттердің микроқаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қарыз алушылармен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетінін еске салады.

«Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңында микроқаржы ұйымдарының микрокредит беру, қызмет көрсету және берешекті реттеу кезеңдерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі көзделген.

Клиенттермен өзара іс-қимыл жасау кезінде МҚҰ қаржылық қызметтерді тұтынушыларға адал, ашық және әділ көзқарасты, микрокредиттер беру жөніндегі ақпаратты ашуды, жосықсыз практикаларға жол бермеуді, сондай-ақ клиенттердің жолданымдарын қарау тәртібін көздейтін жауапты іскерлік практикаларды сақтауға міндетті.

Сонымен қатар берешекті реттеу тәртібі де қолданылады. МҚҰ қарыз алушыны төлем мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей хабардар етуге міндетті. Өз кезегінде, қарыз алушы сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді, төлемдерді кейінге қалдыруды, микрокредит мерзімін өзгертуді не берешекті қайта құрылымдауды қоса алғанда, шарттың талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен күнтізбелік 30 күн ішінде жүгінуге құқылы.

Қарыз алушылармен өзара іс-қимыл ақпараттандыру объектілері, жазбаша хабарламалар, сондай-ақ микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ, қарыз алушыларды мәліметтерді баспа басылымдарында жариялау арқылы не заңнамада көзделген жағдайларда жазбаша хабарлама арқылы хабардар ету көзделген.

Ұйымның бастамасы бойынша телефон арқылы, оның ішінде Интернет желісінде қоңырау шалу үшін қосымшаларды пайдалана отырып, клиентпен өзара іс-қимыл жасауға жұмыс күні сағат 9:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде бір реттен артық емес жол беріледі.

Барынша пайдалы материалдар Fingramota.kz сайтында қолжетімді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz