
Егер микроқаржы ұйымымен микрокредит бойынша дау туындаса, микроқаржы омбудсманына жүгіне аласыз.
Микроқаржы омбудсманы - бұл қарыз алушылар мен МҚҰ-ға ымыралы шешім табуға көмектесетін тәуелсіз тұлға.
Омбудсман өтiнiштердi өтеусiз қарайды. Оның шешімі МҚҰ-ның орындауы үшін міндетті. Ағымдағы жылдың басынан бастап 30 сәуірдегі жағдай бойынша микроқаржы омбудсманының кеңсесіне 1 537 өтініш келіп түсті, бұдан басқа, телефон арқылы 1500-ден астам кеңес берілді.
Өтінішті қалай беру керек?
Қандай құжаттар қажет?
Микроқаржы омбудсманының байланыс нөмірлері:
+7 (727) 338 22 44
+7 (727) 338 22 25
+7 775 222 80 08
Еске салайық, Қазақстанда микроқаржы омбудсманы институты 2024 жылдың 21 желтоқсанынан бастап енгізілген болатын.
Қосымша пайдалы материалдарды Fingramota.kz. сайтында алуға болады
Сыртқы коммуникациялар басқармасы