Қарыз алушы кірісінен айырылса, не істеу керек?

Қарыз алушы кірісінен айырылса, не істеу керек?

Қаржылық жағдай нашарлаған және объективті себептермен кредит бойынша төлемдерді уақтылы енгізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, борышты қайта құрылымдауға болады, бұл – қаржылық жүктемені азайту үшін кредиттік шарттың талаптарын өзгерту.

Қайта құрылымдау үшін қашан жүгіну керек?

Егер қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауының:

  • кірістің төмендеуі немесе жұмыстан айырылу;
  • ауыр ауру немесе мүгедектік;
  • декреттік демалыс;
  • әскери қызметке шақыру;
  • форс-мажорлық жағдайлар (өрт, мүлікті ұрлау және т.б.) сияқты объективті себептері болса, банк қайта құрылымдау туралы өтінімді қарастыруы мүмкін.

Банкке неғұрлым тезірек жүгінсеңіз, айыппұлдарды, кредиттік тарихтың нашарлауын және сот арқылы өндіріп алуды болдырмау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

 Қалай өтініш беруге болады?

 Қайта құрылымдау туралы өтінішпен банкке жүгініңіз. Өтініште қаржылық қиындықтардың себебін көрсетіңіз және растайтын құжаттарды (кірістер туралы анықтама, медициналық қорытындылар және т.б.) қоса беріңіз.

Банк өтінімді күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды және ықтимал  нұсқаларды ұсынады.

 Қайта құрылымдаудың қандай жолдары бар?

Банктер бірнеше шешім ұсына алады:

  1. Кредит мерзімін ұзарту – ай сайынғы төлемді азайтады, бірақ артық төлемді көбейтеді.
  2. Пайыздық мөлшерлемені төмендету.
  3. Төлемдерді кейінге қалдыру – төлемдерден уақытша босатады.
  4. Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару – банк тұрақсыздық айыбын ішінара есептен шығаруы мүмкін.

 Банк бас тартса, не істеу керек?

Егер банк қайта құрылымдауды мақұлдамаса:

  • егер кредит банктен алынған болса, банк омбудсманына хабарласуға;
  • егер микроқарыз МҚҰ-дан алынған болса, микроқаржы омбудсманына хабарласуға;
  • қайта қаржыландыруды – алдыңғы кредитті неғұрлым тиімді шарттармен өтеу үшін жаңа кредит ресімдеуге болады.

Бастысы  – проблеманы ескерусіз қалдырмау. Кредиторға уақтылы жүгіну мәселенің салдарын қиындатпауға және қаржылық тұрақтылығыңызды сақтауға көмектеседі.

Пайдалы материалдар Fingramota.kz сайтында қолжетімді.

 

Сыртқы  коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz