Агенттік ЖИ мен ML қолдана отырып тәуекел-менеджмент бойынша кейс-чемпионат өткізді

Агенттік ЖИ мен ML қолдана отырып тәуекел-менеджмент бойынша кейс-чемпионат өткізді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан-Британ техникалық университетімен бірлесіп, «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ қолдауымен жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында «Risk Management Case Competition»тәуекел-менеджмент бойынша жыл сайынғы үшінші кейс-чемпионатын өткізді.

Чемпионаттың мақсаты берілген деректер жиынтығы негізінде ЖИ және ML алгоритмдерін қолдана отырып, ЖКО қаупін бағалау үшін скорингтік модель әзірлеу болды.

Чемпионатқа Қазақстан мен шетелдердің 21 университетінен 59 командақатысты. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға Қазақстан мен Сауд Арабиясының жетекші жоғары оқу орындарының атынан 9 команда шықты.

Нәтижесінде бірінші орынды Chebyshev's Inequality командасы, екінші орынды Girls Generation, үшінші орынды AIM иеленді. Жеңімпаздар FRM емтиханына 100 пайыз ақы төлеуді және FRM Part I дайындық бағдарламасы бойынша оқытуды немесе Chartered Insurance Institute мүшелігін ұсына отырып, CII сертификаттау бағдарламасы бойынша оқу грантын қоса алғанда, білім беру гранттарымен марапатталды. 

Іс-шарабарысында Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов осындай бастамалардың бүкіл қаржы нарығы үшін маңыздылығын атап өтті.

«Мұндай кейс-чемпионаттарды өткізу студенттер мен жас мамандардың нақты міндеттермен және деректермен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін практикалық құзыреттіліктерін дамытуда маңызды рөл атқарады. ЖКО тәуекелдерін бағалауда ЖИ және ML технологияларын қолданумен байланысты таңдалған тақырып тәуекелдерді басқарудың талдау дәлдігі мен тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Деректерді талдау және тәуекел-менеджмент саласында өзекті дағдылары бар мамандарды даярлау қаржы секторының тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі болып табылады», - деп атап өтті Т. Әбілқасымов.

Олсондай-ақ Агенттік ЖИ және ML технологияларын қаржы секторын қадағалау қызметіне дәйекті түрде ықпалдастыратынын, бұл экономикалық қатынастарды дәлірек анықтауға және олардың қаржы жүйесінің орнықтылығына әсерін бағалауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жалпы алғанда, дәстүрлі кейс-чемпионатты өткізу жас мамандардың нақты деректерімен және тәуекелдерді талдаудың заманауи құралдарымен жұмыс істеудің қолданбалы дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ қазіргі заманғы экономиканың талаптарына сәйкес келетін кадрлық әлеуетті қалыптастыра отырып, академиялық қоғамдастық пен қаржы секторы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz