
Агенттік Төрағасының орынбасарының 2026 жылғы 22 сәуірдегі № Б-81 Бұйрығына сәйкес «Centras Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы қайта рәсімделді.
Лицензияны қайта рәсімдеу заңды тұлғаның атауының өзгеруіне байланысты белгіленген тәртіппен жүргізілді - бұрын компания өз қызметін «Коммеск-Өмір» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ атауымен жүзеге асырған.