Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жария талқылау туралы

Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Сақтандыру нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарының жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жария талқылау үшін орналастыруға жоспарланып отырғанын хабарлайды.

Жария талқылау құжат орналастырылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде өткізілетін болады. Осы кезеңде құжат «Салықтар және қаржы», НҚА түрлері – «Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты» бөлімінде пікір білдіру үшін қолжетімді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz