Қазақстандағы жеке тұлғалардың банкроттығы рәсімі туралы

Қазақстандағы жеке тұлғалардың банкроттығы рәсімі туралы

Қазақстанда кредиторлар алдындағы міндеттемелердіорындаумүмкін болмаған кезде азаматтардың борышжүктемесінтөмендетудің заңды құралы ретінде жекетұлғалардыңбанкроттығытетігі жұмыс істейді.

Берешектіңмөлшерінежәнеөзгедешарттарғабайланыстыбанкроттықсотарқылы және соттан тыстәртіппенжүзеге асырылады.

Банкроттықрәсімітөтеншешараретіндеқарастырыладыжәнеберешектіреттеудіңбасқатәсілдеріболмаған кезде қолданылады.

Осы рәсімге жүгінгенге дейін берешекті қайта құрылымдау туралы өтінішпен кредиторға жүгінуді қоса алғанда, баламалы нұсқаларды қарастыру ұсынылады.

 

Соттан тыс және сот банкроттығының айырмашылығы неде?

Соттан тыс банкроттық 1600 АЕК-ке дейінгі (шамамен 6,9 млн теңге) берешек кезінде белгіленген шарттарды сақтай отырып қолданылады: мүліктің болмауы, қатарынан 12 ай ішінде міндеттемелерді өтемеу, сондай-ақ берешекті реттеу рәсімін жүргізу. Көрсетілген рәсім 6 ай бойы жүргізіледі.

Рәсім жеңілдетілген сипатта болады және Egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтінімдерді Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қарастырады.

Берешек мерзімі 5 жылдан асатын азаматтар үшін мүліктің болуын, борыш мөлшерін және берешекті реттеуді есепке алмай, соттан тыс банкроттыққа өтініш беру мүмкіндігі көзделген.

Бұл ретте ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап берешегі 1 600 АЕК-тен аспаған және 5 жылдан артық уақыт өтелмеген азамат үшін соттан тыс банкроттық рәсімі 1 ай өткізіледі.

Сот банкроттығы сот арқылы және борышкердің мүлкі болған кезде

жүзеге асырылады, сондай-ақ соттан тыс рәсімге жатпайтын өзге де жағдайларда қолданылады.

Банкрот деп танылған тұлға 5 жыл ішінде несие ала алмайтынын, 7 жыл ішінде банкроттық рәсімін қайта қолдана алмайтынын, сондай-ақ мұндай тұлғаның 3 жыл ішінде мүлік сатып алуы кредитордың банкроттықты жою туралы өтінішпен жүгінуіне негіз бола алатынын есте ұстаған жөн.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz