
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 23 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 15 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 10 еншілес банк.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен өтімді активтердің 25,0 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға төмендеуі есебінен ағымдағы жылғы ақпанда 0,1%-ға шамалы азайып, 70,0 трлн теңге болды.
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 20,8 трлн теңгені немесе активтердің 29,6%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2026 жылғы ақпанда халыққа берілетін кредиттердің өсуі есебінен 0,4%-ға ұлғайып, 40,2 трлн теңгені құрады.
Ұлттық валютада берілген кредиттер 0,6%-ға 36,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды, бұл ретте шетел валютасында берілген кредиттер, теңге бағамының нығаюына байланысты 3,7 трлн теңгеге дейін 1,4%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 0,1 пайыздық тармаққа ұлғайып, 90,8%-ды құрады.
2026 жылғы ақпан ішінде екінші деңгейдегі банктер барлығы жаңа 3,0 трлн теңгеге кредит берді, бұл 2025 жылғы ақпанмен салыстырғанда 1,4%-ға көп.
Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2026 жылғы ақпанда 15,2 трлн теңгеге дейін 0,3%ға ұлғайды. Бизнеске берілген кредиттер құрылымында негізінен осы санаттар арасындағы банктердің бірінің қарыздарын қайта жіктеу нәтижесінде ірі бизнеске қарыздар 4,7 трлн теңгеге дейін 13,1%-ға төмендеді, ШОБ субъектілеріне 7,4 трлн теңгеге дейін 10,9%-ға ұлғайды. ЖК-ға берілген кредиттер 2026 жылғы ақпанда 3,1 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға өсті.
2026 жылғы ақпанда салалар бойынша көп бағытты серпін байқалады: саудаланатын секторда - төмендеу, ал саудаланбайтын секторда - өсу. Өнеркәсіптегі кредиттер 2,5%-ға 4,9 трлн теңгеге дейін, құрылыста - 2,0%-ға 0,8 трлн теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында - 3,2%-ға 0,4 трлн теңгеге дейін азайды. Бұл ретте сауда саласындағы кредиттер 2,4%-ға 4,2 трлн теңгеге дейін, көлік саласында – 2,8%-ға 0,9 трлн теңгеге дейін, ақпарат және байланыс саласында - 3,4%-ға 0,2 трлн теңгеге дейін және басқа да қызмет көрсету салаларында - 2,2%-ға 3,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2026 жылғы ақпанда бизнес субъектілеріне 1,6 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл ШОБ субъектілеріне жаңа қарыздар берудің 49,8%-ға ұлғаюы нәтижесінде 2025 жылғы ақпанмен салыстырғанда 12,2%-ға көп.
Тұтынушылық кредит берудің өсуін шектеу шараларының қолданысы аясында халыққа берілген кредиттер 2026 жылғы ақпанда 0,5%-ға, 24,9 трлн теңгеге дейін біршама ұлғайды, оның ішінде тұтынушылық кредиттер 0,7%-ға 16,8 трлн теңгеге дейін, ипотекалық қарыздар 0,4%-ға 7,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2026 жылғы ақпанда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 22,7% деңгейінде сақталды. Халыққа берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі бөліп төлеуге берілген қарыздар үлесінің ұлғаюы аясында тұтынушылық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 22,3%-дан 20,4%-ға дейін азаюы нәтижесінде 19,8%-ға дейін (2026 жылғы қаңтарда – 20,8%) төмендеді.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL90+) деңгейі банк секторы бойынша несие портфелінің 3,9%-ын немесе 1,7 трлн теңгені құрады. халыққа берілген кредиттер портфеліндегі мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 4,6%-ды немесе 1,2 трлн теңгені құрады. бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфелінде NPL90+ қарыздардың үлесі 3,0%-ды немесе 526 млрд теңгені құрады.
Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып отыр және 61,6%-ды құрайды (01.02.2026ж. – 61,1%).
Банк секторының міндеттемелері клиенттердің қаражатты операциялық және инвестициялық мақсаттарға пайдалануына байланысты 2026 жылғы ақпанда заңды тұлғалар салымдарының 1,6%-ға төмендеуі есебінен 0,5%-ға 59,0 трлн теңгеге дейін азайды. Банк секторының міндеттемелері құрылымында 79,9%-ды немесе 47,2 трлн теңгені құрайтын негізгі үлесті клиенттердің салымдары алады.
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы ақпанда 46,2 трлн теңгегені құрап, аздап ұлғайды.
Заңды тұлғалардың депозиттері 1,2%-ға 20,0 трлн теңгеге дейін төмендеді, бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттері – 1,0%-ға 26,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер алдыңғы аймен салыстырғанда іс жүзінде өзгермеген және 36,6 трлн теңгені құрады. Шетел валютасындағы депозиттер де алдыңғы айдағы деңгейде сақталып, 9,5 трлн теңгені құрады. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 наурыздағы долларлану деңгейі 2026 жылдың қаңтарындағы деңгейде сақталып, 20,7%-ды құрады.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютасындағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа өлшенген мөлшерлемесі 2026 жылғы ақпанда 16,8%-ды (2026 жылғы қаңтарда – 16,8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 15,1%-ды (2026 жылғы қаңтарда -15,3%) құрады.
Банктердің меншікті капиталы 2026 жылғы ақпанда 2,2%-ға 11,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,5%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 21,2%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2026 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы 389 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ақпанға қарағанда 13,4%-ға аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 4,0%-ды (2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша – 4,1%), капиталдың рентабельділігі (ROE) 26,9%-ды (2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша – 27,7%) құрады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы