
Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (+8,5%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (-0,7%) өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының өсуі есебінен 2026 жылғы ақпанда 1,8%-ға ұлғайып, 20266 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 44,7 трлн теңгені құрады.
Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «Эйр Астана» АҚ, AltynGold plc және «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 0,5%-ға ұлғайып, 2026 жылғы ақпанда 24,4 млрд теңгені құрады.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 76 қазақстандық эмитенттің 89 атауының акциялары, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді.
KASE индексі 2026 жылғы ақпанда 7 711,15 тармаққа дейін, 0,1%-ға ұлғайды.
«KASE Global» секторында 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 47 атаудағы акциялары және 62 шетелдік эмитенттің 3 ADR және 21 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі негізінен Intel Corporation, Meta Platforms, Inc., Tesla, Inc. акцияларымен сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен бір айда 3,4%-ға азайып, 2026 жылғы ақпанда 23,4 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2026 жылғы ақпанда 16,7 трлн теңгеге дейін 2,5%-ға ұлғайды. 2026 жылғы ақпанда KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің 4,7 есеге 276,9 млрд теңгеге дейін өсуі есебінен 2026 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,1 есеге 356,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығы көлемінің өсуі квазимемлекеттік сектор эмитенттерін орналастырудың өткен аймен салыстырғанда 6 есе өсуімен байланысты, оның ішінде «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «Өөнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша KASE-нің сауда тізімінде 158 эмитенттің 719 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2026 жылғы ақпанда 32,9 трлн теңгеге дейін 2,8%-ға ұлғайды. 2026 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 46,9%-ға ұлғайып, 0,8 трлн теңгені құрады. МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 27,7%-ға 0,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Барлық көлем ҚР Қаржы министрлігінің облигацияларын, өтеуге кірістілігі 14,94-16,21% болатын 9 облигация шығарылымын орналастыруға жұмсалды.
Ұжымдық инвестициялау нарығында 2026 жылғы 1 наурызға 58 пайлық инвестициялық қор, оның ішінде 25 аралық, 30 жабық, 1 ашық және 2 биржалық қор жұмыс істеді.
Пайлық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер негізінен жеке инвестициялық қордың пайларын сатып алу есебінен 2026 жылғы ақпан айында 0,2%-ға азайып, 2026 жылғы 1 наурызға 345,3 млрд теңгені құрады. 2026 жылғы 1 наурызға 282,6 млрд теңге немесе пайлық инвестициялық қорлардың жиынтық активтерінің 81,8%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады.
Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымын 2026 жылғы 1 наурызда 44 брокер және дилерлер, 11 кастодиан-банктер, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 4 трансфер-агенттер, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйымдар: KASE, KASE Клиринг орталығы және Бағалы қағаздар орталық депозитарийі ұсынды.
2026 жылғы ақпанда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттар саны 1,9%-ға 5 263,2 мың шотқа ұлғайды, оның ішінде:
- депонент клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 0,1%-ға 700,4 мың қосалқы шотқа дейін;
- брокерлер ашқан және біріктірілген омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын жеке шоттардың саны 2,1%- ға 4 562,8 мың шотқа ұлғайды.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2026 жылғы 1 наурызға негізінен дебиторлық берешектің және өзге де активтердің өсуі есебінен 605,5 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды.
Міндеттемелер негізінен жекелеген қатысушылардың туынды қаржы құралдары мен кредиторлық берешек бойынша міндеттемелерінің өсуі есебінен 132,7 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды. Меншікті капитал 1,6%-ға 472,9 млрд теңгеге дейін, көбінесе есепті кезеңде бөлінбеген пайданың ұлғаюы нәтижесінде ұлғайды.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы