Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкеріне келісім берді
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бачваров Кирил Атанасов «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – АҚ Басқарма мүшесі лауазымына келісіп бекітті (2026 жылғы 26 наурыздағы № 23/БВУ/П хаттама).