Қазақстан сақтандыру секторының 2026 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2026 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10 ы – өмірді сақтандыру.

2026 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 1,4%-ға 4,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ол негізінен сақтандыру сыйлықақыларының өсуі нәтижесінде болды.   

2026 жылғы 1 ақпанда активтер құрылымында  ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,7% (2,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 8,1% (322 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,6% (182 млрд теңге) тиесілі.   

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2026 жылғы қаңтарда жасалған шарттар бойынша сақтандыру резервтерінің өсуі есебінен 1,6%-ға 2,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2026 жылғы қаңтарда негізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен 0,8%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2026 жылғы қаңтарда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 10,1 млрд теңгені құрады.

2026 жылғы қаңтарда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1,3 млн шартты құрады, бұл 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 33,1%-ға аз, бұл жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша жасалған шарттар санының 88,3%-ға азаюынан болды. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2026 жылғы қаңтарда 155,9 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтарға қарағанда 0,7%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныбы болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша 2026 жылғы қаңтарда 24,1 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 18,2%-ға артық, бұл қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 26,6%-ға ұлғаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2026 жылғы қаңтарда 72,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 17,4%-ға көп, бұл зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылардың 1,7 есеге және өмірді сақтандыру бойынша 74,4%-ға ұлғаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылғы қаңтарда 59,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4%-ға аз. Төмендеу мүлікті залалдан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылардың 39,1%-ға төмендеуіне байланысты.

Сақтандыру төлемдері 2026 жылғы қаңтарда 42,0 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,5%-ға артық, барлығы 155,6 мың төлем жүзеге асырылды, бұл зейнетақы аннуитеттік сақтандыру және өмірді сақтандыру бағыттары бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz