Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 43,9 трлн теңгені құрады, ол 2026 жылғы қаңтарда негізінен KASE, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+49,6%), «ҚазМұнайГаз» ҰК»  АҚ (+10,5%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+8,2%) индексінің өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының өсуі есебінен 12,6%-ға ұлғайды.

Биыл қаңтар айында акциялармен сауда-саттық көлемі 24,2 млрд теңгені құрады, бір айда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, AltynGold plc, «Кселл» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 10,0%-ға ұлғайды.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі –KASE) сауда тізімдерінде 76 қазақстандық эмитенттің 89 атауының акциялары болды,оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалықағаздар» секторында айналысқа жіберілді. 

2026 жылғы қаңтарда KASE индексі 9,5%-ға 7 702,60тармаққа дейін ұлғайды.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «KASE Global» секторында 47 атаудағы, 3 ADR және 62 шетелдік эмитенттің 21 ETF акциялары болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі 2026 жылғы қаңтарда 24,2 млрд теңгені құрап, бір айда негізінен Intel Corporation, Microsoft Corporation, Meta Platforms, Inc., State Street Global Advisors акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 29,4%-ға ұлғайды.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2026 жылғы қаңтарда 0,4%-ға ұлғайып, 16,3 трлн теңгені құрады. KASE-дегі корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2026 жылғы қаңтарда 88,8%-ға 114,7 млрд теңгеге дейін 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемін 93,4%-ға 59,2 млрд теңгеге дейін қысқарту есебінен төмендеді. 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 158 эмитенттің 717 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2026 жылғы қаңтарда 0,5%-ға ұлғайып, 32,0 трлн теңгені құрады. 2026 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 19,2%-ға ұлғайып, 0,5 трлн теңгені құрады. МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 53,5%-ға 0,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Барлық көлем ҚР Қаржы министрлігінің облигацияларын орналастыруға жұмсалды.

Ұжымдық инвестициялау нарығында 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 59 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 25 аралық, 31 жабық және 3 ашық пай қоры жұмыс істеді.

Инвестициялық пай нарығындағы басқарудағы активтер негізінен жеке инвестициялық қордың пайларын сатып алу нәтижесінде 2026 жылғы қаңтарда 1,0%-ға азайып, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 346,0 млрд теңгені құрады. 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 280,6 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 81,1%-ын құрады.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 44 брокер мен дилер 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 4 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2026 жылғы қаңтарда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 2,1%-ға ұлғайып, 5 166,7 мың шотқа жетті, оның ішінде:

- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 699,5 мың қосалқы шотқа дейін 0,1%-ға ұлғайды;

- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 4 467,1 мың шотқа дейін 2,4%-ға ұлғайды.

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша негізінен РЕПО операцияларын аяқтау, сондай-ақ қарыздарды өтеу мақсатында бағалы қағаздарды сату нәтижесінде 0,7%-ға азайып, 596,1 млрд теңгені құрады. Міндеттемелер негізінен РЕПО операцияларын төмендету есебінен 10,5%-ға 130,5 млрд теңгеге дейін азайды. Меншікті капитал негізінен есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың ұлғаюы нәтижесінде 2,5%-ға өсіп, 465,6 млрд теңгені құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz