
2026 жылғы қаңтарда Агенттік жеке және заңды тұлғалардың қаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты 15,6 мың жолданымын қарады, бұл 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,9%-ға көп (2025 жылғы желтоқсанда – 15,0 мың жолданым). Оның ішінде жолданымдардың ең көп үлесі банк секторына 61,4% және микроқаржы ұйымдарына 27,2%, өзге ұйымдарға 11,4% тиесілі. Қаралған жолданымдар мәселесінің сипаты бойынша жолданымдардың негізгі үлесі қарыздар бойынша берешекті реттеу мәселелеріне 57%, заңнаманы түсіндіруге 11% және түрлі мәселелер бойынша консультацияларға 7% тиесілі.
Бұл ретте онлайн-қарыздар беру кезінде міндетті «шешім қабылдау кезеңін» енгізуді, Антифрод-орталыққа қатысушылардың функционалы мен құрамын кеңейтуді, биометриялық сәйкестендіру рәсімдерін күшейтуді қоса алғанда, реттеушілік шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ Агенттіктің әлеуметтік желілерде және Fingramota.kz порталында жүйелік ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі есебінен алаяқтық мәселелер бойынша қаралған жолданымдар санының 35%-ға төмендеуі байқалады.
2026 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген бұзушылықтары бойынша Агенттік қаржы нарығының субъектілеріне 14 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 хаттама бойынша 6 әкімшілік айыппұл:
- банктерге қатысты 7 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты 7 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және 5 әкімшілік айыппұл;
- коллекторлық агенттіктерге қатысты 1 айыппұл қолданылды.
Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалуға және борыш жүктемесін азайтуға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.
2004-2020 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банктер 212,1 млрд теңге сомасына 33,2 мың қарызды қайта қаржыландырды.
01.01.2016 жылға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айналдыруға/қайта қаржыландыруға бағытталған Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 114,3 млрд теңге сомасына 16,1 мың валюталық ипотекалық қарыздарды айналдыруды/қайта қаржыландыруды жүргізді.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банктер 101,0 млрд теңге сомасына 10,6 мың ХӘОТ – қарыз алушыға қосымша қаржылай қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банктің балансында тұрған жалғыз баспанасын қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде қосымша көмек көрсетілуде.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы