
Инвестициялық құралдарға ақша қаражатын салмас бұрын, брокерлік ұйымда лицензияның бар-жоғын міндетті түрде тексеру қажет.
Лицензия қаржы ұйымының уәкілетті органның қадағалауында екенінің дәлелі болып табылады. Лицензияның болмауы компанияның заң аясынан тыс жұмыс істейтінін және қаржылық қызметтерді тұтынушылар құқықтарының қорғалмағанын білдіреді. Мұндай жағдайларда салынған қаражатты қайтару айтарлықтай қиын немесе мүмкін емес.
Банктердің, микроқаржы ұйымдарының, сақтандыру компанияларының, брокерлердің және қаржы нарығына өзге де қатысушылардың қызметін реттеу және қадағалау функцияларын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүзеге асырады.
Брокерлік ұйымның заңдылығын тексеру үшін инвесторларға Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған қаржы нарығына лицензияланған қатысушылардың ресми тізілімін пайдалану ұсынылады. Тізілімде Қазақстанда брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ олардың мәртебесі, басшылығы, берілген лицензиялары және қолданылған қадағалап ден қою шаралары туралы ақпарат қамтылады.
Брокерді тексеру кезінде мынаны тексеру қажет:
Егер брокерлік ұйым шетелде тіркелген болса, халықаралық лицензиясы болса не «лицензия алуды күтіп отырса», онда оның Қазақстан Республикасының аумағында брокерлік қызметтерді жүзеге асыруына заңды негіз жоқ. Шет мемлекеттің лицензиясы Қазақстанда инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етпейді және қорғау үшін Агенттікке жүгінуге мүмкіндік бермейді.
Егер компания қаржы нарығының лицензияланған қатысушыларының тізілімінде болмаған немесе мәліметтерде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Агенттік инвестициялаудан бас тартуға және ақша қаражатын бермеуге кеңес береді. «Кепілді кірісті», өте жоғары кірісті немесе тәуекелсіз инвестицияларды ұсынатын ұйымдарға ерекше сақтық таныту қажет. Мұндай ұсыныстар алаяқтық схемаларға тән белгі болып табылады.
Алаяқтық белгілері анықталған кезде азаматтарға осындай ұйыммен өзара іс-қимылды дереу тоқтатуға, барлық қолда бар дәлелдемелерді сақтауға және құқық қорғау органдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтінішпен жүгінуге кеңес беріледі.
Қаржы ұйымының лицензиясын тексеру бір минуттан аз уақытты алады және ақша қаражатын жоғалту қаупін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
Қосымша пайдалы материалдар Fingramota.kz сайтында қолжетімді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы