2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 23 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 15 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 10 еншілес банк.
Банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 21,3%-ға өсуі есебінен 70,8 трлн теңгеге дейін 15,0%-ға ұлғайды (2025 жылғы желтоқсанда 3,6%-ға өсу).
2025 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 20,5 трлн теңгені немесе активтердің
28,9%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері
2025 жылы 19,1%-ға ұлғайып (2025 жылғы желтоқсанда 2,0%-ға өсу),
40,2 трлн теңге құрады. Ұлттық валютада берілген кредиттер 18,4%-ға
36,5 трлн теңгеге дейін өсті, шетел валютасында берілген кредиттер
3,7 трлн теңгеге дейін 26,4%-ға өсті. Нәтижесінде 2025 жылы теңгемен кредиттердің үлес салмағы 91,2%-дан 90,7%-ға дейін аздап төмендеді.
2025 жылы екінші деңгейдегі банктер 39,9 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 10,3%-ға көп. Бұл ретте 2025 жылғы желтоқсанда 4,6 трлн теңге берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 19,6%-ға артық. Экономикаға жаңа қарыздар берудің өсу қарқынының 2024 жылғы 19,5%-бен салыстырғанда баяулауы, негізінен, ақша-кредит саясаты өлшемдерінің өзгеруіне, сондай-ақ тұтынушылық кредиттеуді тежеу бойынша, сондай-ақ осы сегменттегі тәуекелдерді шектеу жөніндегі шараларға байланысты болды.
Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2025 жылы 18,0%-ға
15,4 трлн теңгеге дейін өсті, бұл 2007 жылдан бергі ең жоғары өсімді көрсетті (2025 жылғы желтоқсанда 4,0%-ға өсу). 2025 жылы бизнеске берілген кредиттер портфелінің өсуіне негізгі үлесті 27,1%-ға
5,5 трлн теңгеге дейін ұлғайған ірі бизнеске берілген кредиттер, сондай-ақ 35,6%-ға 3,1 трлн теңгеге дейін өскен жеке кәсіпкерлерге берілген кредиттер қамтамасыз етті.
ШОБ субъектілеріне кредиттер 5,7%-ға 6,8 трлн теңгеге дейін өсті. 2025 жылы ШОБ-ға кредит берудің неғұрлым қалыпты өсу қарқынына сегменттің қаржылық жағдайлардың өзгеруіне жоғары сезімталдығы, мемлекеттік қолдаудағы тәсілдерді қайта қарау, сондай-ақ қаржыландырудың баламалы көздерінің болуы себеп болды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша кредит берудің өсуі экономиканың барлық саласында байқалады. Өнеркәсіпте кредит беру 17,0%-ға 5,1 трлн теңгеге дейін, саудада – 20,9%-ға 4,2 трлн теңгеге дейін, құрылыста – 23,1%-ға 0,8 трлн теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында – 8,0%-ға 0,5 трлн теңгеге дейін, ақпарат пен байланысты – 37,5%-ға
0,2 трлн теңгеге дейін, көлік саласында – 8,5%-ға 1,0 трлн теңгеге дейін және басқа да қызмет салаларында – 25,4%-ға 2,7 трлн теңгеге дейін өсті.
2025 жылы бизнес субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер
20,4 трлн теңге сомасына жаңа қарыз берді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 11,9%-ға артық.
Халыққа берілетін кредиттер 2025 жылы 19,8%-ға
24,8 трлн теңгеге дейін өсіп (2025 жылғы желтоқсанда – 0,8%-ға өсу),
2024 жылғы 23,9%-ға өсумен салыстырғанда бәсеңдеді.
Халыққа берілген кредиттер құрылымында ипотекалық кредиттер 2025 жылы 14,6%-ға 6,9 трлн теңгеге дейін, тұтынушылық кредиттер 21,0%-ға 16,7 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 0,5%-ға өсу) өсіп, 2024 жылғы 33,5%-ға өсумен салыстырғанда бәсеңдеді, соның ішінде кепілсіз тұтынушылық кредиттердің өсуі 2024 жылғы 29,3%-дан
2025 жылдың қорытындысы бойынша 14,5%-ға дейін баяулады. Өз кезегінде, қабылданған тежеуші шаралардың нәтижесінде жаңа кепілсіз тұтынушылық қарыздар берудің өсу қарқыны 2024 жылғы 22,6%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,1%-ға дейін бәсеңдеді.
Бұл ретте тұтынушылық кредит беруді ұлғайтуға елеулі үлес автокредиттермен қамтамасыз етілді, олар 2025 жылы 42,4%-ға өсіп,
4 трлн теңгеге жетті.
2025 жылғы желтоқсанда бизнес субъектілеріне ұлттық валютадағы кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 21,4% (2024 жылғы желтоқсанда – 19,7%), халыққа – 18,3%-ды (2024 жылғы желтоқсанда – 17,0%) құрады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасы жоғары деңгейде сақталады. Мәселен,
2026 жылғы 1 қаңтарда мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар (NPL90+) деңгейі несие портфелінің 3,6%-ын немесе 1 575 млрд теңгені (2025 жылғы 1 қаңтарға – 3,1% немесе 1 094 млрд теңгені) құрады.
Бизнес субъектілеріне берілген қарыздар портфелі бойынша NPL90+ қарыздардың үлесі 2,7%-ды немесе 504 млрд теңгені құрады (2025 жылғы 1 қаңтарда – 2,1% немесе 304 млрд теңге), ал халыққа берілген кредиттер портфелінде – 4,3%-ды немесе 1 072 млрд теңгені құрады (2025 жылғы
1 қаңтарда – 3,8% немесе 790 млрд теңге).
Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу деңгейі жоғары қалпында сақталуда және 60,6%-ды құрайды (01.01.2025ж. – 67,0%).
Банк секторының міндеттемелері 2025 жылы 14,3%-ға
60,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылғы желтоқсанда 3,9%-ға өсу). Банк секторының міндеттемелері құрылымындағы негізгі үлес – 80,9% немесе 48,7 трлн теңге клиенттердің салымдарына тиесілі.
2025 жылдың қорытындылары бойынша депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 18,3%-ға 37,9 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 7,8%-ға өсу) өсуіне байланысты 16,3%-ға 48,0 трлн теңгеге (2025 жылғы желтоқсанда 8,0%-ға өсу) ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер 9,2%-ға 10,1 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 8,8%-ға өсу) өсті. Нәтижесінде, долларлану деңгейі төмендеуін жалғастырып, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 21,1%-ды құрады (2025 жылғы 1 қаңтарда – 22,5%).
Депозиттер құрылымындағы жеке тұлғалардың депозиттері 15,8%-ға 26,2 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 6,2%-ға өсу), заңды тұлғалардың депозиттері 16,8%-ға 21,8 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 10,2%-ға өсу) өсті.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі
2025 жылғы желтоқсанда 16,8%-ды (2024 жылғы желтоқсанда – 14,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 14,7%-ды (2024 жылғы желтоқсанда – 13,2%) құрады.
Банктердің меншікті капиталы 2025 жылы 19,2%-ға 10,6 трлн теңгеге дейін негізінен өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайда есебінен ұлғайды (2025 жылғы желтоқсанда 1,7%-ға өсу). 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,6%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 20,8%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2025 жылдың қорытындылары бойынша банктердің таза пайдасы 2,7 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға артық. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 4,2%-ды (2025 жылғы 1 қаңтарда – 4,3%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 28,4%-ды (2025 жылғы 1 қаңтарда – 30,3%) құрады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz