Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі туралы

Акциялар нарығын капиталдандыру 2025 жылы 18,7%-ға ұлғайып, 39,0 трлн теңгені құрады (2025 жылғы желтоқсанда 1,7%-ға өсті). 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 74 қазақстандық эмитенттің 87 атауының акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының  акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша KASE индексі 26,1%-ға 7 031,3тармаққа дейін ұлғайды (2025 жылғы желтоқсанда 3,1% - ғаөсті).

Акциялармен сауда-саттық көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 14,7%-ға ұлғайып, 2025 жылы 342,1 млрд теңгені құрады (2025жылғыжелтоқсандасауда-саттықкөлемі22,0млрдтеңгені құрады).

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2025 жылы 18,5%-ға ұлғайып, 16,2 трлн теңгені құрады (2025 жылғы желтоқсанда 0,8%-ға төмендеді).

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2025 жылы 18,0%-ға ұлғайып, 31,9 трлн теңгені құрады (2025 жылғы желтоқсанда 2,2%-ға өсті).

Ұжымдық инвестициялау нарығында 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 59 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 25 аралық, 31 жабық және 3 ашық пай қоры жұмыс істеді.

Инвестициялық пай нарығындағы басқарудағы активтер негізінен жеке инвестициялық қордың пайларын сатып алу нәтижесінде 2025 жылы 0,6%-ға азайып, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 349,6 млрд теңгені құрады (2025 жылғы желтоқсанда 1,1%-ға азайды). 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі
289,0 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 82,7%-ын құрады.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 42 брокер мен дилер (16 банк және 26 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, трансфер-агент, сондай-ақ инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2025 жылы Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 44,6%-ға ұлғайып, 5 061,8 мың  шотқа жетті, оның ішінде:

- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 698,7 мың қосалқы шотқа дейін 13,3 мыңға немесе 1,9%-ға ұлғайды (2025 жылғы желтоқсанда 1,1 мыңға немесе 0,2%-ға өсті);

- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 4 363,1 мың шотқа дейін 1 547,7 мыңға немесе 55,0%-ға өсті (2025 жылғы желтоқсанда 115,5 мыңға немесе 2,7%-ға өсу).

2025 жылғы наурызда «First Heartland Securities» АҚ-тың ерікті өтініші бойынша лицензиясының қолданылуы тоқтатылды, бұл жыл қорытындысы бойынша кәсіби қатысушылардың жиынтық қаржылық көрсеткіштерінің төмендеуіне әкелді.

Нәтижесінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2025 жылы негізінен бағалы қағаздар портфелінің қысқаруы есебінен 22,1%-ға азайып, 2026 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша 600,1 млрд теңгені құрады (2025 жылғы желтоқсанда 0,5%-ға азайды).

2025 жылғы міндеттемелер РЕПО операциялары бойынша жекелеген қатысушылардың міндеттемелерін өтеу есебінен 39,5%-ға азайып, 145,8 млрд теңгені құрады (2025 жылғы желтоқсанда 5,6%-ға төмендеді). 2025 жылы меншікті капитал нарыққа қатысушылардың басым түрде жарғылық капиталының төмендеуі нәтижесінде 14,0%-ға 454,3 млрд теңгеге дейін төмендеді (2025 жылғы желтоқсанда 1,3%-ға өсті).

2025 жылы брокерлердің және (немесе) дилерлердің, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылардың бөлінбеген пайдасы
161,6 млрд теңгені құрады (2024 жылы –  177,4 млрд теңге).

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz