Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс қорытындысы туралы

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс қорытындысы туралы

2025 жылы Агенттік қаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың
164 мың жолданымын қарады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 29,1%-ға көп (2024 жылы – 127 мың жолданым). Оның ішінде ең көп үлес банктерге тиесілі – 51,5%, микроқаржы ұйымдары – 36,7%, нарықтың басқа қатысушылары – 11,8%.

Жолданымдар негізінен қарыздар бойынша берешекті реттеу және өндіріп алу, банктік шоттар бойынша шектеулер, сондай-ақ алаяқтық тәсілмен ресімделген қарыздарға байланысты мәселелерге қатысты болды. Сақтандыру секторы бойынша өтініш берушілердің жолданымдары негізінен сақтандыру төлемдерінен бас тартумен және сақтандыру өтемінің мөлшерімен келіспеумен байланысты болды.

2025 жылы Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген бұзушылықтары бойынша Агенттік қаржы нарығының субъектілеріне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде
78 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын қолданды, 17 жазбаша нұсқама берді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 155 хаттама бойынша жалпы сомасы 70 млн теңгеге 55 әкімшілік жаза қолданылды:

- банктерге қатысты 58 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы 16 хаттама бойынша жалпы сомасы 13,3 млн теңгеге 16 әкімшілік жаза;

- коллекторлық агенттіктерге қатысты 8 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 11 хаттама бойынша жалпы сомасы
4,2 млн теңгеге 11 әкімшілік жаза;

- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты
2 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 9 жазбаша нұсқама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 121 хаттама бойынша жалпы сомасы
49,9 млн теңгеге 21 әкімшілік жаза;

- сақтандыру ұйымдарына қатысты 15 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 хаттама бойынша жалпы сомасы 2,2 млн теңгеге 6 әкімшілік жаза;

- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты 3 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 1 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша жалпы сомасы 0,4 млн теңгеге 1 әкімшілік жаза.

Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалуға және борыш жүктемесін азайтуға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.

2004-2020 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктер 211,3 млрд теңге сомасына 33,2 мың қарызды қайта қаржыландырды.

01.01.2016 жылға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айналдыруға/қайта қаржыландыруға бағытталған Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 114,3 млрд теңге сомасына 16,0 мың валюталық ипотекалық қарыздарды айналдырды/қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер қарыздары бұрын Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған ХӘОТ-қа жататын ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыс жүргізуде. Қолдау шаралары қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банктің балансында тұрған жалғыз баспанасын қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде көрсетіледі. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қосымша қолдау шаралары 100,3 млрд теңге сомасына 10,6 мың қарыз алушыға көрсетілді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz