
Агенттік Төрағасының Бірінші орынбасарының 2026 жылғы 16 қаңтардағы №Б-9 бұйрығына сәйкес «Sinoasia B&R (Синоазия БиЭндАр)» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына № 2.1.30 лицензия рәсімделді, оған сақтандырудың ерікті нысандағы келесі қосымша сыныптары енгізілді:
- су көлігін сақтандыру;
- әуе көлігін сақтандыру;
- су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру;
- «сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 13),14),15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру.