
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова ұжымға Төрағаның орынбасары Нұржан Тұрсынхановты таныстырды.
Н.Тұрсынханов бағалы қағаздар нарығын, сақтандыру секторын, қаржы нарығындағы киберқауіпсіздікті дамыту және реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Агенттік басшысы Нұржан Тұрсынхановтың кәсіби тәжірибесі мен сараптамасы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Лауазымға тағайындалғанға дейін Н.Тұрсынханов Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаментін басқарды. Қаржы нарығында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Әр жылдары «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы