
Агенттік «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру мақсатында «Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, оның ішінде банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ретінде ерікті түрде қайта құру шарттары не банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру қағидалары, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібін бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жобамен банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға; банкті ерікті түрде таратуға; Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру тәртібі бекітіледі.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы