Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары, Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру қағидалары туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.

Құжатта банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия, исламдық банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін бекіту көзделеді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz