2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру.
2025 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 1,4%-ға 3,8 трлн теңгеге ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 21,1%-ға өсу), ол негізінен сақтандыру қызметінен және бағалы қағаздарға инвестициядан түскен кірістердің өсуі нәтижесінде болды.
2025 жылғы 1 желтоқсанда активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 73,8% (2,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 7,6% (289,7 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешегіне – 3,7% (141,9 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2025 жылғы қарашада 2,6%-ға 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 24,2%-ға өсу).
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2025 жылғы қарашада сақтандыру ұйымдарының дивидендтерді төлеуді жүзеге асыру нәтижесінде 1,6%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге дейін азайды (2025 жылдың басынан бері 15,1%-ға өсу).
2025 жылғы қарашада сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 7,7 млрд теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап – 234,8 млрд теңге).
2025 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 21,1 млн шартты құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға аз.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2025 жылғы қарашада 122,6 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 1,5 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 9,8%-ға көп.
Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныптары болып табылады, олар бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы қарашада 63,3 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 739,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға көп. Өсу, негізінен, зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 6,4%-ға және өмірді сақтандыру бойынша 15,3%-ға ұлғаюына байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы қарашада 40,2 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 491,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті залалдан сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 19,8%-ға ұлғаюына байланысты.
Міндетті сақтандыру бойынша 2025 жылғы қарашада 19,1 млрд теңге, жыл басынан бері 238,4 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін 17,6%-ға 108 млрд теңгеге дейін міндетті сақтандыру бойынша орын алды.
Сақтандыру төлемдері 2025 жылғы қарашада 38,0 млрд теңгені (143,8 мың төлем бойынша) құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 403,0 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33,9%-ға көп. Өсу, негізінен, 47,1%-ға 133,4 млрд теңгеге дейін ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы