Агенттік өкілдері әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бірқатар іс шаралар өткізді

Агенттік өкілдері әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бірқатар іс шаралар өткізді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері әскери қызметшілердің және келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді.

Бастама Fingramota.kz жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасымен бірлесіп, сондай-ақ банк және микроқаржы омбудсмандары кеңселерінің қолдауымен іске асырылды.

Қаржылық сауаттылық мәселелері бойынша оқыту дәрістері, семинарлар мен консультациялар еліміздің барлық өңірлерінде, сондай-ақ бірқатар әскери бөлімдерде, гарнизондарда, академиялар мен институттарда өткізілді.

Барлығы 45 іс-шара өткізілді, оның шеңберінде он мыңнан астам әскери қызметші, мерзімді және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қаржы өнімдерін жауапкершілікпен пайдалану, жеке қаржыны басқару және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім алды.