
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасы Агенттіктің «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 78 қаулысы қабылданды.
Қаулыда мыналар да көзделген:
- бенефициарлық меншік иесінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болған кезде қаржы ұйымының ірі қатысушысы болуға немесе холдинг мәртебесін иеленуге тілек білдірген адамдарға келісім беруден бас тарту негіздерін толықтыру;
- қаржы ұйымдарының клиенттің күдікті қызметіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;
- қаржы ұйымдарының клиентті (оның өкілін) тәуекел-сәйкестендіру мақсатында скорингтік модульді (әртүрлі дереккөздерінен алынған ақпаратты қамтитын автоматтандырылған жүйе) пайдалану мүмкіндігі.
Қаулы 2025 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы