Тәуелсіздік Күніне орай Агенттікте тақырыптық дәріс өткізілді

Тәуелсіздік Күніне орай Агенттікте тақырыптық дәріс өткізілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының кезекті отырысында Агенттік қызметкерлері «Тәуелсіздік рухы – ел мұраты» атты тақырыптық дәрісті тыңдады.

Ішкі істер министрлігінің М. Есболатов атындағы Алматы академиясы Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Талғат Құлтаев мерекенің  тарихи мәні, оның халық өміріндегі елеулі рөлі туралы айтып берді.

Сөз сөйлеу барысында спикер Қазақ хандығы дәуірінен бастау алатын еліміздің бүкіл тарихи кезеңдеріне шолу жасап, нақты тарихи мағлұматтар негізінде ел тәуелсіздігінің маңызын  жан-жақты ашып көрсетті. Сонымен қатар тәуелсіздіктің айшықты нышандары болып саналатын  еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы кеңінен сөз қозғалды.

Сөйлесу клубының отырыстары кәсіби ортада қазақ тілінің дамуына ықпал етеді және қызметкерлердің ел тарихы мен мәдениеті туралы білім деңгейін арттырады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz